Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

21 Қыркүйек 2019
Б. Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясы 50 жылдық мерейтойын атап өтуде

Қарағандыға Бәрімбек Бейсенов атындағы ІІМ Академиясының 50-жылдық мерейтойына ЖОО біренеше жылғы түлектері және құрметті қонақтар жиналды. Оқу ордасына 50-ден астам генералдар келді.
- Академияға 50 жыл толып отыр. Бұл Қазақстан ІІМ жүйесінің алғашқы мамандандырылған жоғары оқу орнының жылнамасы ғана емес, сонымен қатар біздің қаламыздың тарихы. Қарағандылықтарға осы аты аңызға айналған жоғары оқу орнының дәл осы жерде екенін түсіну өте маңызды. Мен сіздердің барлық түлектеріңіз қазір қайда қызмет етіп, қайда тұратынына қарамастан, өздерін қарағандылықтар деп санайтынын білемін. Академияның қабырғасынан 20 мыңнан астам офицер шықты, - деп Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мерейтой иелерін құттықтады.
ҚР ІІМ Министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қарағанды академиясы элиталық кадрлардың ұстаханасы болып табылатынын атап өтті. Бүгінде бұл бакалавриат базасында құқық қорғау қызметі үшін мамандар дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны, деп атап өтті ол.
Құрметті қонақтардың қатысуымен 213 жас курсанттар Отанға адал болуға ант берді.
Облыс әкімі бірінші курс студенттерін құттықтап, бүгінгі күні полиция жұмысы бүкіл қоғамның жіті назарында екенін атап өтті.
- Мемлекет басшысы полицияны одан әрі ашық болуға және халық арасында сенім мен беделді арттыру үшін жұмыс істеуге шақырды. Ал біз биліктің атқарушы органдары ретінде сіздерденн, полицейлерден, азаматтардың тыныш және қауіпсіз өмірін қамтамасыз етулеріңізді күтеміз, - деді Жеңіс Қасымбек.
Академияда ҚР Ұлттық музейінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы дала: сақта - ұрпақтан ұрпаққа» атты көрме ашылды. Елордадан Қарағандыға мұражайдың ең құнды экспонаттарының бірі – «Алтын адам» жеткізілді. Оны брондалған машинамен күзетпен алып келген. Бұл жәдігер Отанға деген батылдық пен абыройдың символы болып табылады.
Сонымен қатар Академия аумағында генералдар аллеясы ашылды. Мұнда ҚР ІІМ 65 генералының қысқаша өмірбаяндары бар портреттер орнатылды. Олардың барлығы осы ЖОО түлектері.


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 16%, Давление 724, ветер 3 м/с

Валюта курстары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх