Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

19 Қыркүйек 2019
Қарағандыда өтіп жатқан форумда қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің рөлі мен болашағы талқылануда

Қарағандыда Сәкен Сейфуллиннің 125-жылдығына арналған жас ақындар мен жазушылардың республикалық форумы өтуде. Атақты және жаңадан қадам басқан әдебиетшілердің кездесуі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Оның басты мақсаты – ұлттық мәдениетті насихаттау, ұрпақтар сабақтастығы және жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу болып табылады.
- Бүгін біз қазақ әдебиетінің қазіргі жағдайы мен даму жолдарын талқылау үшін жиналып отырмыз. Әдебиет – бұл халықтың паспорты. Барлығы 20 ғасырдың екінші жарты жылдығы Қазақ әдебиетінің тарихында алтын ғасыр болғанын біледі. Ақын-жазушылардың шығармашылығы соғыстан кейін халықтың рухын көтеруге көмектесті. Сол жылдары Әуезов «Абай жолын» жазды, содан бастап ұлы қазақ ойшылын бүкіл әлем танып білді. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы қазақ халқы тарихын үлкен қырынан көрсетті, - деп облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов ашылу салтанатында форумға қатысушыларды құттықтады.
Жаңа технологиялар ғасырында кітап оқу адам өмірінің барлық аспектілерінде маңызды рөл атқарады, деп атап өтті ол. Қазіргі заманғы әдебиет жастарға қызықты болуы керек және бұған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағытталған, деп атап өтті Абзал Нүкенов.
Белгілі әдебиетші Исраил Сапарбаевтың айтуынша, жақында көпшілік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәнін түсінбеген.
- «Рух» дегеніміз ол жүректе болуы керек. Ол адамның жан дүниесе. Біз оны дұрыс түсінуіміз керек. Бұл бүкіл халықтың рухани жаңғыруын білдіреді. Бүгін, өкінішке орай, көптеген адамдар тек материалдық тұрғыда ойлайды. Бірақ рухани дүние туралы да ұмытуға болмайды, - деді форум қонағы. - Жақында Нұр-Сұлтанда Азия елдері жазушыларының үлкен форумы өтті. Қарағанды форумы оның жалғасы болды. Бұл әдебиетшілердің өте уақтылы ұйымдастырылған және қажетті кездесуі. Біз бірге заманауи әдебиеттің болашағын анықтай аламыз деп ойлаймын.
Шара барысында жас ақындарға Қазақстан Жазушылар одағы мүшелерінің куәліктері салтанатты түрде табыс етілді.
Форум жұмысы «Қазіргі заман қазақ әдебиетінің бет-бейнесі және рөлі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелмен жалғасты. Басқосуда өте қызықты және пайдалы пікірталас жүргізілді. Қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Көптеген қызықты идеялар мен ұсыныстар айтылды.
Форумның екі күні семинарлар мен тренингтерге, шеберлік сабақтары және кітап тұсаукесерлеріне толы болады. Жазушылар мен ақындар қарағандылық студенттермен кездеседі. Бағдарламада сондай-ақ мәдени және спорттық іс-шараларды қарастырылған. Форум Гала-концертпен аяқталады.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 50%, Давление 722, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 389.98
Euro 434.01
Рубль 6.10

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх