Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

18 Қыркүйек 2019
Қарағандыда халықаралық айтыскерлер Сәкен Сейфуллинді ұлықтауда

Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлы ақын, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыс басталды. Салтанатты ашылу рәсімі қазақ драма театрында өтті.
Елорда мен Қазақстанның басқа қалаларынан, сондай-ақ Монғолиядан, Қырғызстаннан, Қытайдан келген айтыскерлерді үлкен құрметпен қарсы алды. Халық әншілері қызыл кілем бойымен театр ғимаратына өтті.
- Айтыс – ол сенім. Себебі кейде халық басқаларға сенбеуі мүмкін. Бірақ айтыскерлерге сенеді. Мен ойлаймын, айтыскерлер үшін ең жоғарғы мандат, ең жоғары құрмет – осы халықтың ниеті мен сенімі. Себебі халық ақындардан тек қана шындықты күтеді. Ақын мінезі мен арын ешуақытта сатпайды. Себебі ол ақынның жеке ары мен мінезі емес, ол – көп жағдайда халықтың ары, жұрттың көңіл- күйі. Сәкен Сейфуллинің тілімен айтқанда: «Айтыс – заманның ақиқаты». Екіншіден, айтыс – ол жүрек. Ашығын айту керек, кейде адамды көз алдайды, құлақ алдайды, тіпті тіл де алдауы мүмкін. Бірдеңеге алып келіп, соқтыруы мүмкін. Бірақ – жүрек алдамайды. Ал ақын – мәселені жүрекпен көреді, жүрекпен жеткізеді. Сондықтан жүректен шыққан жырларды халық жүрекпен қабылдайды, - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.
Халықаралық Айтыс және жыршы-термешілер одағының басшысы Ерман Жүрсіннің айтуынша, Қарағанды халқы осы өнер түрін ең ыстық әрі құмарлықпен қабылдайтын көрермендер.
- Мен Сәкен ағаның туған жерінде оның мерейтойын осындай ауқымда атап өтетініне қуаныштымын. Ұлы тұлғаның құрметіне бірнеше салтанатты шаралар өтті. Ақындар айтысы сол мерейтойлық жиындарды жалғастырды және мықты ақындардың басын қосты. Бұл біздің Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ұсынған «Рухани жаңғыру» ұлы идеясының нақты іске асырылуы, - деп атап өтті Жүрсін Ерман. - Айтыстың бүкіл елге – Qazaqstan телеарнасының эфирінде көрсететіні керемет. Бұл телерадиокорпорация, Nur Otan партиясы және біздің қоғамдық бірлестік жасаған меморандумның арқасында мүмкін болды.
Мұндай жобалар рухани жандандыруға, ұлттың мәдени кодтың сақталуына ықпал етеді, деп атап өтті ұйымдастырушылар мен қатысушылар.
- Сәкен Сейфуллин құрметіне өткізілетін осы айтыстың қазақ халқы үшін маңызы өте зор. Қазақстанда айтыстар менің отаныма қарағанда жиі өткізіледі. Осылайша мәдени мұраны бағалайтындарыңыз, салт-дәстүрлерді құрметтейтіндеріңіз және халық өнерін қолдайтындарыңыз өте жақсы, - деді Бішкектен келген айтыскер Жеңісбек Тоқтөбеков.
Екі күн бойы театр сахнасында 18 айтыскер бас жүлде үшін бақ таластыратын болады. 19 қыркүйекте шараның жабылу салтанатында жеңімпаздардың есімдері жарияланады.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 16%, Давление 724, ветер 3 м/с

Валюта курстары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх