Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

18 Қыркүйек 2019
Емханаға үйден шықпастан қалай тіркелуге болады

Қазақстанда 16 қыркүйектен бастап емханаларға тіркелу науқаны басталды. Аталмыш шара екі айға - 15 қарашаға дейін созылады.
Азаматтардың қызметке қашықтықтан қол жеткізу мүмкіндігі бар.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында үйден шықпай-ақ емханаға қалай тіркелу керектігі айтылды.
Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекітуді Электрондық үкімет порталының көмегімен, сондай-ақ EgovKzBot арқылы Telegram мессенджерінің көмегімен жүргізуге болады.
Қызметті www.egov.kz онлайн порталында қалай алуға болады:
* порталда «Денсаулық сақтау» бөлімінде авторизациядан өтіп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» пернесі арқылы өту керек;
* өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ талап етілмейді);
* Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) тіркеу туралы өңделген анықтамамен танысу.
EgovKzBot-ты пайдаланып Telegram мессенджерінде «медициналық ұйымға тіркеу» қызметін таңдау, өзінің тіркелу мекен-жайын растау, қажетті облыс пен елді мекенді таңдау, бекіту үшін медициналық ұйымды анықтау, бекіту себебін көрсету қажет. Сұраныс жасау соңында медицина қызметкерін таңдау қажет. Барлық рәсім 5 минуттан аспайды.
Естеріңізге сала кетейік, Telegram EgovKzBot қызметтерін мобильді азаматтар базасында тіркелген жағдайда пайдалануға болады. Егер сіз тіркелмеген болсаңыз, осы рәсімді порталдың жеке кабинетінде өткізуге болады. Ол үшін ЭЦҚ немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының кез келген бөлімшесіне бір рет бару қажет болады.
Мобильді азаматтар базасында бір рет тіркеліңіз де, қалтаңызда өз ХҚКО болады.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 50%, Давление 722, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 389.98
Euro 434.01
Рубль 6.10

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх