Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

09 Қыркүйек 2019
Қарағанды облысында еңбек құлдығы мәселелеріне қатысты «жедел желі» ашылады

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов еңбек құлдығы мәселелері бойынша «жедел желі» құруды тапсырды. Оған құрбандардың өздері де, олардың жақындары мен туысқандары да жүгіне алады.
- Облыс тұрғыны бірнеше жыл бойы оны құлдықта ұстағанын мәлімдеді. Бұл оқиғаны барлық БАҚ жариялады. Бұл өкінішті. ХХІ ғасыр, ал біздің жерлестеріміз осындай жағдайларға тап болады. Ал, полицияға хабарласса, немқұрайлықпен бетпе-бет кездеседі. Ол аздай полицейлер фермерлердің осындай деректерін жасырады деуге болады, - деді Ерлан Қошанов.
Ол полиция департаментінен жағдайды анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды талап етті.
Өңір басшысы барлық фермерлік шаруашылықтарды тексеру қажеттігін атап өтті: онда кім жұмыс істейді және қандай жағдайда жұмыс істейтінін. Жақын арада «жедел желі» ашылуы тиіс. Оның жұмысына ҮЕҰ мен әлеуметтік қорғау қызметін тарту керек, - деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі бұл жұмыс шұғыл жағдайларда емес, тұрақты түрде жүргізілуі тиіс екенін атап өтті. Бұл мәселеге орынбасары Серік Шайдаровты жауапты етіп тағайындады. Тапсырмалардың орындалуы туралы бірінші есеп дайындауға қыркүйек айының соңына дейін мерзім берді.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

19°
В Балхаше: малооблачно, Влажность 40%, Давление 716, ветер 1 м/с

Валюта курстары

USD 386.71
Euro 429.17
Рубль 6.02

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх