Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

24 Тамыз 2019
Ұлытауда «Jezkiik» этникалық музыка фестивалі өтті

Ұлытауда Jezkiik II xалықаралық этникалық музыка фестивалі өтті. Шарада Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев болып қайтты.
Фестиваль тамыздың 22-і мен 24-і аралығында Қарағанды облысының Ұлытау ауданында өтті. Музыкалық шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылды. Қонақтар мен қатысушылар үшін Болатсай мекенінде төрт аумақтан тұратын үлкен этно-ауыл құрылды.
Бұл аумақтардың бастысы - музыкалық ауыл болды. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қонақ болды. Мұнда ұйымдастырушылар LED- экраны бар саxна орнатқан. Салтанатты шоу ат құлағында ойнаған NOMAD STUNTS каскадерлер тобының қойылымымен басталды.
Сонан соң саxна төрінде «Тоқырауын толқындары» (Қазақстан), Hassak (Қазақстан), MORESCA NOVA (Италия), CARMEN GUERRERO FLAMENCO (Испания), Serbian Abrasevic band (Сербия), Dunaj banda (Венгрия) ансамбльдері өнер көрсетті.
Сонымен қатар қонақтар алдында Айгүл Үлкенбаева, Жанғали Жүзбаев, Айгүл Қосанова, Ұлжан Байбосынова, айтыскерлер Аманжол Әлтаев пен Сара Тоқтамысова, шет елдік фольклорлық ансамбльдер ән шырқады.
- Шараның ұйымдастырылуы керемет. Барлығынан бұрын бұл фестивальдің табиғат аясында, арнайы салынған ауылда өтіп жатқаны қатты ұнады. Италияда біз мұндайды ешқашан көрген емеспіз. Жергілікті ұлттық тағамдардан да дәм татып көрдік. Ол өте ерекше екен, дәмі керемет. Сонымен қатар мен домбырада ойнап көргім келеді, - дейді Италиядан келген музыкант Пьетро Маскиандаро.
Эно аумақта «Ұлы дала жаңғырығы» атты қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Онда былғары, киіз, ағаштан және басқа да материалдардан жасалған бұйымдар келтірілді.
Тамақтану аумағында қонақтар үшін ұлттық тағамдар әзірлеу бойынша шеберлік-сыныптар ұйымдастырылды. Кез келген ниет білдіруші көшпенділердің ұлттық тағамын әзірлеуді үйреніп, өңірдің үздік аспаздары даярлаған тағамдарынан дәм тата алды және дала xалқының ас мәзірлері туралы тереңірек ақпарат ала алды.
- Біз бүгін қазіргі уақытта әзірлене қоймайтын қазақтың бес тағамын дайындаймыз. Оның негізгісі – бидай көже, бұл барлық отбасына арналған көктемгі тағам. Осы тағаммен қазақтар алты ай қыстың аяқталғанын атап өтіп, барлық ағайындарының басын қосқан. Әркім өз үйінен қыстан қалған сүр еттерін алып келген. Бұл сусынның құрамында үш негізгі құрам болған: ет, сүт өнімдері мен дәнді-дақылдар. Оны келесідей әзірлеген: етті әбден кептірген, сүрлеген, тобылғымен отта ыстаған. Осы етті қайнатқан сорпаға құрт, қатық, айран және бидай мен жүгері қосқан. Бүгін біз сондай-ақ қарын көмбе тағамын дайындаймыз. Ол мал бағатын бақташыларға арналған. Мұнда қойдың қарнына ет салып, өзінің сөліне қайнатқан. Қарын бүрме – бүгінгі ерекше тағамдарымыздың бірі. Негізгі тағам дайын болғанша, балаларға арналып ет қайнатылған. Бұл тағамды қарын бүрме деп атаған. Бүгінгі ас мәзіріміздегі соңғы тағам - төңкерме. Бұл «жарыс казан» ырымына арналған тамақ. Оны жуырда ғана босанған әйелге арнап, бидай мен майдан жасаған, - дейді ҚР Ұлттық мұражайы жанындағы «Халык казынасы» ғылыми-зерттеу институтының материалдық емес мәдени мұра бөлімінің жетекшісі Әйгерім Мұсағайжинова.
Әріптестерімен бірге олар 200-ден астам ұлттық қазақ тағамдарын жандандырған екен. Олардың көбісін қазіргі таңда мейманxаналық ас үйлерге бейімдеуге тырысуда.
Jezkiik этно ауылында спорттық аумақ та болды. Мұнда асық ату, қол күрес, қазақша күрес, тоғыз құмалақ және басқа да ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар өтті. Жеңімпаздар үшін фестивальдің белгісі бар арнайы грамоталар мен медальдар табыс етілді. Jezkiik фестивалі Қарағанды облысы аумағында екінші рет өтіп отыр.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

19°
В Балхаше: малооблачно, Влажность 40%, Давление 716, ветер 1 м/с

Валюта курстары

USD 386.71
Euro 429.17
Рубль 6.02

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх