Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

24 Тамыз 2019
Қарағанды облысында шахтёрлерді мерекесімен құттықтады

Қарағанды облысында Шахтёрлер күніне арналған салтанатты іс-шаралар басталды. Мерекелік шаралар облыс орталығында және серіктес қалаларда өтуде.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің құрамына кіретін сегіз шахта мен бес кәсіпорындарда бүгінгі таңда 14 000-нан астам адам еңбек етуде. Салтанатты жиында компания үздік қызметкерлерін марапаттады. Мереке құрметіне Кеншілер және Еңбек даңқы белгілері, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамоталары және басқа да марапаттар табыс етілді.
Компания басшылығы биылғы жыл кеншілер үшін өнімділігі бойынша рекордты болды дейді. Жылдың бірінші жартысында "Шахтинская" шахтасы бір таудан 1 000 000 тонна көмір берді. Қарағанды көмір бассейнінің тарихында кеншілер алғаш рет миллиондаған межеден белгіленген мерзімнен ерте өтті.
Өндірістік көрсеткіштердің өсуіне департаменттің барлық кәсіпорындарында енгізілетін сандық технологиялар ықпал етеді.
"Абай" шахтасы көмірдің жаңа маркаларын өндіре бастады. Ал Костенко атындағы шахтаның ұжымы инновациялық идеяларымен танымал. "Тентек" шахтасында жаңа клетті оқпан құрылысы жүріп жатыр. Өндірістік жетістіктер басқа кәсіпорындарда да бар.
Салтанатты шарада жергілікті ұжымдар мен танымал қазақстандық орындаушылардың қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Шахтерлер үшін ресейлік "Голос. Дети" телевизиялық байқауының жеңімпазы Ержан Максим ән шырқады. Финалға қатысушылар барлығы бірлесіп "Карагандинский уголек" әнін орындады. 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

19°
В Балхаше: малооблачно, Влажность 40%, Давление 716, ветер 1 м/с

Валюта курстары

USD 386.71
Euro 429.17
Рубль 6.02

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх