Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

20 Тамыз 2019
Арыстан келген балаларға Балқаштың көрнекті жерлерін көрсетті

Қарағанды облысындағы «Факел» сауықтыру лагерінде демалып жатқан Арыстың балалары үшін Балқаш қаласына экскурсия ұйымдастырылды. Оларға металлургтер қаласының тарихы туралы айтып, жергілікті көрікті жерлерді, мәдениет және сәулет ескерткіштерін көрсетті.
Туған елдің тарихы және мәдениетімен танысу «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.
- Балқашқа алғаш рет келген кішкентай демалушылар қаланың қалыптасу тарихын білуге мүмкіндік алды. Олардың естерінде жағымды сәттер қалады деп үміттенеміз, - дейді Шашубай кентіндегі «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы тірек мектебінің (Ресурстық орталықтың) директоры Айман Түкбаева.
Экскурсия Балқаш қалалық тарихи-өлкетану мұражайын аралаудан басталды. Балалар қаланың ең ерте ғимараттардың бірі – 1952 жылы Ленинград сәулетшісі Л. Мелештің жобасы бойынша салынған М. Хамзин атындағы Металлургтер мәдениет сарайын аралап шықты. Оларға ХХ ғасырдың көрнекті домбырашысы, Қазақ КСР Халық әртісі, Балқаш қаласының құрметті тұрғыны, қаланың мәдени символына айналған ескерткіш-мүсінде мәңгі есте қалған Мағауия Хамзин туралы айтып берді.
Экскурсиялық турға Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіштер де кірді. Әрине, кішкентай қонақтарға Балқаш көлінде тұзды-тұщы суға шомылып серуендеу ұйымдастырылды.
Арыс қаласынан келген кішкентай қонақтардың сапары туралы естелікке көптеген фотосуреттер жасалды.
Бұған дейін хабарланғандай, Қарағанды облысы Түркістан облысы Арыс қаласының балаларын демалысқа шақырған болатын. Аймақ басшысы Ерлан Қошановтың бастамасымен Арыстың 200 жас тұрғынын Сарыарқаның киелі жері – Бектау-ата шатқалында орналасқан «Факел» қала сыртындағы сауықтыру лагері қабылдады.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

22°
В Балхаше: ясно, Влажность 23%, Давление 715, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 387.34
Euro 428.44
Рубль 6.04

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх