Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

14 Тамыз 2019
Ерлан Қошанов Қарқаралы ұлттық паркіндегі өрт орнында болып қайтты

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланған Қарқаралы ауданына барып қайтты. Екінші тәулік қатарынан құтқарушылар ұлттық парктегі өртпен күресуде. Өңір басшысы жергілікті жерде кеңес өткізіп, өртті ең қысқа мерзімде ауыздықтау үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды. Ол үшін барлық қажетті мүмкіндіктер мен арнайы техника бар.
– Алдымызға қойылып отырған міндет - бүгін және ертең өрт ошақтарын оқшаулау, яғни өрттің таралуын тоқтату болып табылады. Қажет болса, бұл үшін қосымша күш, техника тартыңыздар. Жергілікті атқарушы билік көмек көрсетеді, - деді Ерлан Қошанов.
Ол сондай-ақ қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау қажеттігін еске салды.
12 тамызда Қарқаралы ауданында Егіндібұлақ кентінің оңтүстігіне қарай 30 шақырым жерде құрғақ шөп өртенді. Өрт Бақты орман шаруашылығының орман-дала аумағына шауып, етек жая бастады. ТЖД ақпараты бойынша, бүгінгі таңда орман-дала алқаптарындағы өрттің жалпы ауданы 2500 га құрайды. Сондай-ақ, жағдайды қатты және ауыспалы жел қиындатуда.
Тілсіз жаумен жерде және әуеден күрес жүргізіп жатыр. Аса қиын және өтпейтін жерлерге суды құтқарушылар тікұшақтан төгуде. "Қазавиаорманқорғау" МИ-2 тікұшағын қолдану арқылы әуе барлау жұмыстарын ұйымдастырды.
Өртті сөндіруге ТЖД 240 қызметкері, еріктілер, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы және ұлттық табиғи парк өкілдері жұмылдырылды. Сондай-ақ ұлттық гвардияның 85 жауынгері. 40 бірлік техника тартылды.
Оқиға орнында өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша штаб жұмыс істейді.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

28°
В Балхаше: ясно, Влажность 25%, Давление 712, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх