Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

14 Тамыз 2019
Ерлан Қошанов қарағандылықтарға «Бірге - Таза Қазақстан!» акциясына қатысқаны үшін алғыс айтты

Қарағанды облысының әкімі аймақ тұрғындарына «Бірге – Таза Қазақстан!» акциясына қатысқандары үшін алғысын білдірді. Ерлан Қошанов сондай-ақ аумақтарды тазалау үшін алғаш рет мониторингтің спутниктік технологиялары қолданғанын мәлімдеді.
- Эко-сенбіліктерге қатысқандардың барлығына алғыс айтқым келеді. Бұл жолы біз алғаш рет жер серіктердің көмегімен рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтадық. Облыстың барлық өңірлері акцияны қолдады, - деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, ол облыстың көптеген елді мекендерінде көшелер мен аулаларда тәртіп орнату керектігін атап өтті. Ерлан Қошанов қол астындағыларға рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді және контейнерлік алаңдардағы көлемді құрылыс қоқыстарын көрсетті.
– Қоқысты уақытында шығаруға байланысты проблемалардың бірі - мердігерде кадрлардың жетіспеушілігі, - деп түсіндірді Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров. - Қазір біз фирмамен кадр тапшылығын төмендету үшін жалақыны көтеру жөнінде келіссөздер жүргізудеміз. Бұл жолы бес жаңа техника шығарылды, бірақ бұл аз. Ал ауқымды емес қоқыстарды шығаруға келер болсақ, қазір бұл қызмет қала тұрғындары үшін белгіленген тарифке кірмейді. Сондықтан біз қалалық мәслихат сессиясында қаланың әр ауданы үшін құрылыс қоқыстарын шығару үшін фирмалардың шығындарын өтейтін қосымша соманы бекіттік.
Ерлан Қошанов бұл мәселелерді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, облыстың барлық қалалары мен аудандарында жасыл желектерді күтіп, баптау керектігі айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Бірге – Таза Қазақстан!» акциясы Қарағанды облысында әр сенбі сайын үш апта бойы жүргізіліп келеді. Шараға еріктілер, мемлекеттік қызметкерлер мен өңірдің мыңдаған тұрғындары қатысты.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

28°
В Балхаше: ясно, Влажность 25%, Давление 712, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх