Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

12 Тамыз 2019
Құрылысшылар даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары қыркүйекте аяқталады

Қарағандыда биылғы жылы тек орталық көшелердің ғана емес, сонымен қатар жеке секторлардағы жолдар жөнделуде. Бюджеттен 17 орамаралық жолдарды қалыпқа келтіруге қаражат бөлінді. Олардың 11-де жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалғандарында тамыздың соңына дейін асфальт төсеп, жөндеулерді аяқтау жоспарланып отыр.


Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жұмыс сапары барысында қазіргі күні күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатқан Құрылысшылар даңғылында болып қайтты. Мұнда қиыршықтас-мастикалық асфальтбетон төселеді. Бұл төзімділігі жоғары заманауи жол жабыны.
Жүргізушілер осы көшедегі жолдың ашылуын тағатсыздана күтуде.

- Бүгінгі таңда жұмыстардың 70% орындалды. Келесі аптада Приканальная көшесінде қозғалысты ашатын боламыз. Ал Құрылысшылар даңғылындағы жолды толығымен қыркүйекте ашамыз, - деп мәлімдеді «Агродор» ЖШС директоры Наталья Мальчушкина.

Бас мердігер фирманың жетекшісі барлық жұмыстар кестеге сай жүргізіліп, ешқандай қалыс қалып жатпағандарын атап айтты.

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Сәбит Оспановтың айтуынша, облыс орталығында жолдардың 60%-ы қанағаттанарлық және жақсы жағдайда, және де жыл сайын бұл көрсеткіш өсіп келеді.

Ол сонымен қатар биылғы жылы Магнитогорская және Карл Маркс көшелерінде жол жөнду жұмыстары басталатынын мәлімдеді. Бұл 2019-2021 жылдарға есептелген үш жылдық жоспар. Қазіргі таңда байқау процедуралары аяқталып, жақын арада мердігерлер анықталады.

 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

28°
В Балхаше: ясно, Влажность 25%, Давление 712, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх