Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

12 Шілде 2019
Мыс кен орнындағы магниттік барлау дрондар көмегімен Қарағанды облысында өткізілді

Қарағанды облысында мыс кен орындарын іздеу үшін инновациялық технологиялар енгізіледі. Аймақты барлауды жер үстіндегі электр барлау машиналары және аэромагнитті түсірілімді жүргізетін дрондар көмегімен өткізе бастады.
Мыс рудасын іздеу қазір Қарқаралы ауданының Озерное кен орнында жүргізілуде. Жұмыстар «Kazakhmys Barlau» ЖШС инвестициялық геологиялық барлау жобасының аясында өтеді.
Осы кен орны туралы КСРО дәуірінен белгілі екеніне қарамастан, оған қызығушылық туындамаған. Мамандардың айтуынша, ол кездерде бұл жерде руда өндіру тым қиын болған, ал оның қорлары кеңес геологтарының есептеулері бойынша барлығы 400 мың тоннаны құрады. Қазір жағдай өзгерді. Біріншіден, көптеген кен орындары азайды, екіншіден қазіргі технологиялар кез келген пайдалы қазбаларды өндіруге және байытуға мүмкіндік береді.
Руданы іздеулер қазір ресей өндірісінің магнитометр қосылған дронының көмегімен жүргізіледі. Құрылғы Mobile Geophysical Technologies неміс технологиясын пайдаланады. Осының нәтижесінде жоғары дәлдіктегі магниттік ауытқуларды белгілеуге болады, ол кен орнын анықтауға мүмкіндік береді.
2019 жылдың соңына қарай Қазақстанда осындай ұшу аппараттарын жинауды бастау жоспарлануда.
- Біз Нұр-Сұлтанда осындай дрондарды жинау бойынша өндірісті іске қосуды жоспарлап отырмыз. Біздің мамандар оларды жинап, микросызбаларын дәнекерлеп, күйлей алады. Бізде бағдарламашылар, техниктер, инженерлер және операторлар, барлық қажетті мамандар бар, - дейді kazUAV компаниясының коммерциялық директоры Руслан Витвицкий.
Алдын ала ақпарат бойынша Озерное кен орны бұрын жоспарланғаннан да көп руданы қамти алады.
- Әзірше барлаудың бірінші кезеңі ғана өтуде. Бірақ алдын ала деректер бойынша осы кен орнында шамамен миллион тонна мыс бар. Бұл байыту фабрикасының құрылысы туралы айту үшін жеткілікті мөлшер. Бұл облыс экономикасына оң әсер ететіні сөзсіз. Жаңа жұмыс орындары құрылатын болады, бюджетке жер қойнауын пайдаланушылар және салықтардан алымдар түсетін болады, - дейдң Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров.
Инновациялық тәсілдерме параллель барлау дәстүрлі технология бойынша өтетінін атап өткен жөн. Жұмыстар аяқталғаннан кейін геологтар алынған деректерді салыстырады. Осыдан кейін кен орнын әзірлеуді бастау туралы шешім қабылданады.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: пасмурно, Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 389.98
Euro 434.01
Рубль 6.10

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх