Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

12 Шілде 2019
Қарағандыда «Өсімдіктер әлемінің таңғажайыбы» атты көрме ашылды

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Өсімдіктер әлемінің таңғажайыбы» атты көрме ашылды. Қойылымда жазғы пейзаж, натюрморттар, сюжеттік композициялар және портреттер қойылған. Қойылған жұмыстар жердің әр түкпіріндегі жаз туралы және автордың өзі туып-өскен жеріне деген махаббаты жайында баяндайды.
Қазір жаз мезгілі, адамдардың көңіл-күйі ашық және жайдары, сондықтан біз осындай көрмені ұйымдастыруға бел будық. Оны «Өсімдіктер әлемінің таңғажайыбы» деп атадық, себебі мұнда көбіне пейзаждар мен натюрмоттар. Бұл суреттер көңіл-күйді көтеріп, адамдарды демалысқа шығуға итермелейді. Көрмеде біздің мұражайымыздың қорынан 40-тан астам жұмыс ұсынылған. Олардың барлығы әртүрлі мерзімдерде жиналған. Мұнда тек қарағандылық суретшілердің ғана емес, сонымен қатар ТМД басқа елдері мен қалалары суретшілерінің жұмыстары бар. Қала тұрғындары мен оның қонақтарын көрмеге шақырамыз, - дейді мұражайдың басты сақтаушысы Дамели Кадыркулова.
Жемістер мен гүлдердің бейнесі бар натюрморттар өзінің мағынасыз мазмұнымен таңқаларлық қарапайымдылығымен және талғампаздығымен көздің жауын алады. Олардың кейбіреулері күздің алыс еместігі жайында хабар беретін жеміс-жидектер мен гүлшоқтарына бай. Д. Филимоновтың «Саңырауқұлақтарды жинаушы» картинасы – бұл «саңырауқұлақтар одасы» немесе «саңырауқұлақтарды жинаушылардың арманы». Ал К. Жаралгасовтың дала гүлдері бар натюрмортында қарапайым, сонымен қатар сүйкімді түймедақтармен, терезе сыртындағы идиллиялық ауылдық пейзаж көрінеді.
Сонымен қатар көрмеде Л. Усайтистің «Қарқаралы. Бұлт», А. Цойдың «Пейзаж с дорожкой», О. Дроздовтың «Дала этюды» және ресейлік суретші А. Чариннің «Қонақтар» суретін көруге болады.
«Өсімдік әлемінің таңғажайыбы» көрмесі - жер мен табиғаттың жомарттығы туралы, онда қабылдау үшін әрқанаш жеңілдік және қуаныш. Ол барлығына: өнерді бағалаушылар мен оның шеберіне де көңіл-күйін сыйлайды.

Көрме 30 шілдеге дейін жалғасады. Билет бағасы – 150 теңге.

 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

-11°
В Балхаше: ясно, Влажность 38%, Давление 727, ветер 3 м/с

Валюта курстары

USD 386.44
Euro 428.37
Рубль 6.06

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх