Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

28 Маусым 2019
Облыс әкімдігінде байланыс саласының қызметкерлерін құттықтады

Қарағанды облысының әкімдігінде байланыс қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Экономикамыздың дамуы және адамдардың жайлылығы осы саладағы прогресс пен қызметкерлердің біліктілігіне байланысты.
Кездесуге «Қазақтелеком» және «Транстелеком» филиалдарының және Қарағанды облыстық РадиоТелехабар тарату дирекциясының басшылары мен қызметкерлері шақырылды. Кәсіпорындардың үздік қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды.
- Сіздердің сала тұтастай алғанда елдің дамуы үшін – экономика үшін, әр адамның өмір сүруі үшін аса маңызды болып отыр. Сіздердің бүгінгі жетістіктеріңіз – ақпарат берудің жеделдігі, ұтқырлығы және сапасы. Бүгін коммуникация құралдары жаңа форматқа көшеді. Облыс бойынша шалғай елді мекендер жоғары жылдамдықты және сапалы интернетке қол жеткізеді. Сіздердің қатысуларыңызбен әлеуметтік маңызды жобалар жүзеге асырылуда, - деді облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров.
Ол ерекше көзге түскен байланыс қызметкерлеріне облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті. Саланың бірқатар өкілдері ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттар басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
- Марапатталғандардың 90%-ы қарапайым қызметкерлер, осы мамандардың арқасында барлық күрделі жұмыстар жүзеге асырылып жатыр, - деп атап өтті облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рустам Байжанов.
Мерекелік кездесуде саланың қарқынды дамуы туралы айтылды.
- Қазіргі байланыс телекоммуникация құралдарынан құралады. 4G енгізіп үлгермей жатып, 5G бойынша жоспар құрып жатырмыз. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша «Транстелекоммен» бірлесіп ауылдық елді мекендерге талшықты-оптикалық байланыс желілерін өткізу бойынша үлкен жобаны жүзеге асырудамыз. Бұл ауылдық байланыстың дамуына елеулі серпін береді. Биылғы жылы 32 ауылды қамтуды жоспарлап отырмыз, 1000 шақырымнан астам оптика салынады, - деді «Қазақтелеком» АҚ филиалының аймақтық телекоммуникация дирекциясы Қарағанды магистралды байланыс техникалық торабының директоры Игорь Лялин.
Ол «Ақылды қала» аясындағы Қарағандыда тағы бір пилоттық жоба туралы хабарлады. Облыс орталығында есептегіштерді – ыстық, суық су және басқа да үйлерге қосатын базалық станциялар орнатылады.
Естеріңізге сала кетейік, байланыс саласының мамандары кәсіби мерекесін БАҚ қызметкерлерімен бірге 28 маусымда атап өтетін. Жақында мерекелік күндер туралы Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілді. Енді байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні 17 мамырда атап өтілетін болады.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

25°
В Балхаше: ясно, Влажность 31%, Давление 717, ветер 1 м/с

Валюта курстары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх