Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

28 Маусым 2019
Қарағандылық дәрігерлер әлеуметтік желілерде жаңа челлендж бастады

Қарағанды облысында #ДИПЛОММЕНАУЫЛҒА челленджі танымал болып барады. Өңір дәрігерлері медициналық жоғары оқу орындарының түлектерін ауылдық клиникалар мен ауруханаларда жұмыс істеуге шақырады.

Қарағандылық дәрігерлер әлеуметтік желілерде жаңа челлендж іске қосылды. Интернет желісінде #Дипломменауылға хештегі бар бейнероликтер пайда болды. Медициналық мекемелердің Facebook және Instagram парақшаларында дәрігерлер ауылдағы жұмыстың артықшылықтары туралы баяндайтын жазбаларды жариялайды. Ақ халаттылар медициналық жоғары оқу орындарының түлектері бастаманы қолдап, медициналық мекемеге жұмыс істеуге келеді деп үміттенеді.
Ең креативті роликті Ақтоғай ауданының орталық аудандық ауруханасының қызметкерлері жасады. Бірнеше жыл бойы ауылдық жерде жұмыс істеп келе жатқан дәрігерлер өздерінің бейне жолдауларын жұмыс орнында отырып жазған.
- Біздің аурухана Қарағанды облысында ғана емес, бүкіл республика бойынша да үздік болғанын қалаймыз. Сондықтан біз командаға тек үздік мамандарды шақырамыз. Біз бір тату командамыз! – деп атап өтті Ақтоғай ауданының ОАА директоры Саттар Әбдіғұлов.
Қарағанды облысының ауруханаларында көбіне акушер-гинеколог және реаниматолог мамандарды күтуде. Барлық жас дәрігерлерге әлеуметтік қолдау ретінде көтерме жәрдемақы мен тұрғын үйге беріледі. Қазіргі таңда бір жолғы әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 70 АЕК құрайды. Сонымен қатар, медициналық мекеме қосымша бонус төлейді, оның мөлшері әр аймақта әртүрлі болады. Егер медициналық ЖОО түлегі келісімшартқа қол қойса, ол өңірде 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеледі.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Қарағанды облысында 5 жыл ішінде 126 адам жұмысқа орналасты. Биыл осы мемлекеттік бағдарлама бойынша 78 маман қабылдауға дайын.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша


 

 


 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

25°
В Балхаше: ясно, Влажность 31%, Давление 717, ветер 1 м/с

Валюта курстары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх