Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

26 Маусым 2019
Қарағандылықтар мен қала қонақтарын ұлттық сәндік-қолданбалы өнер көрмесіне шақырады

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында көрме ашылды. Онда 100-ден астам ұлттық сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары жиналған. Көрмеде ас үй бұйымдары, киіз үй, музыкалық аспаптар, XIX ғасырдағы әйелдер әшекейлерінің топтамасы, текеметтер, сырмақтар, сондай-ақ ат әбзелдері ұсынылған.

- Біздің мақсатымыз – ата-бабаларымыздың өмір салты мен стилін көрсету. Әдетте жазда бізге халық көп келеді, оның ішінде қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына қызығушылық танытатын шетелдік қонақтар да бар. Көрмені біз бірнеше бөлікке бөлдік. Негізгі бөлігі - киіз үй. Біз оны бұрыннан келе жатқан барлық ережелер бойынша орнаттық. Оң жақта - ерлер үшін орын, сол жақта - әйелдер үшін, ал ортасы қонақтарға арналған. Ерлердің жартысында ат әбзелдері, адалбақан - киімге арналған ілгіш заттар жиналған. Киіз үйдің әйел бөлігінде ыдыс-аяқ, құмыралар, самаурын тұр. Ортасында - сандық, домбыра, қобыз және үстел. Айта кету керек, бұл самаурын 1903 жылы жасалған, кейінде Қоянды жәрмеңкесінен әкелінген, - дейді көрменің жетекшісі Назерке Жартын.

Көрменің басқа бөлігі келушілерге сырмақтар мен текеметтер туралы баяндайды. Бұл жәдігерлер мұражай құрылғаннан бері жеке қорда сақталып келеді. Авторлардың аты белгісіз, бірақ ою-өрнектер мен стильдері бойынша осы экспонаттардың қайда жасалғанын анықтауға болады. Мысалы, текеметтерде немесе сырмактарда елдің оңтүстігіндегідей бояулары жарқын және әшекейлі өсімдік элементтері көп. Сарыарқада көбіне геометриялық ою-өрнектері және қара, ақ және қоңыр секілді үш түс қана пайдаланылған.

Көрменің тағы бір бөлімі ат әбзелдеріне арналған. Мұражай қорында бұл құрал - жабдықтардың төрт түрі бар - әйелдер, ерлер және балаларға арналған "ашамай". Олардың барлығы көрмеге қойылды.

Сондай-ақ көрермендер ата-бабаларымыздың көшпелі өмір салтына арналған "Көш" инсталляциясын тамашалай алады. Онда киіз үйдің бөліктері - шаңырақ, уық, есік және басқа да жабдықтары мен сандықтардың бірнеше түрі жинақталған.

Көрмеде заманауи өнер туындылары да ұсынылады. Экспозицияда Ляззат Таңбаеваның кестелері, Өміркелді Әбеуовтың жұмыстары және гобелен құрумен айналысатын Орталық Қазақстандағы жалғыз ер адам Мұрат Қалқабевтің сюжеттік текеметтері қойылған.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер көрмесі 31 шілдеге дейін жалғасады. Мекенжайы: Бұқар жырау, 76.

Билет бағасы – 150 теңге. Мұражай демалыссыз жұмыс істейді, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, ал демалыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.

 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: пасмурно, Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 389.98
Euro 434.01
Рубль 6.10

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх