Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

26 Маусым 2019
Қарағандылықтар Ақпарат және қоғамдық даму министрінің есеп беру кездесуіне қатысты

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың халықпен есептік кездесуі өтті. Шараға селектор режимінде қарағандылық БАҚ және үкіметтік емес ұйымдар да қатысты.
Өз баяндамасында Дәурен Абаев азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі жұмыстар туралы айтты. Ол ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметін атап өтті.
Министрдің айтуынша, бүгінде республикада 229 қоғамдық кеңес жұмыс істейді, олар 2017-2018 жылдары ғана 12 мыңнан астам нормативтік-құқықтық актілерді қарастырып, мыңға жуық қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырды.
- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейін азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы әзірленуде. Бұл құжат азаматтық секторды одан әрі сапалы дамыту үшін негіз қалауға бағытталған. Тұжырымдама жыл соңына дейін қабылдануы тиіс, - деді Дәурен Абаев.
2018-2020 жылдарға арналған Волонтерлік қызметті дамыту бойынша жол картасы іске асырылуда. Ұлттық еріктілер желісімен бірлесіп qazvolunteer.kz онлайн-платформасы енгізілді. 2020 жылы Мемлекет басшысы жариялаған Еріктілер жылын өткізуге белсенді дайындық жүргізілуде, деп атап өтті министр.
Ол Жастар жылы аясында атқарылып жатқан іс-шараларға да тоқталды.
- Жастардың бизнес-бастамаларын қолдау үшін "Жас кәсіпкер" арнайы жобасы әзірленді. Жас ғалымдарға зерттеуге жылына 3 млрд теңгеден ақша бөлінеді, - деді Дәурен Абаев.
Кездесуге қатысушылар Ақпарат және қоғамдық даму министріне сұрақтарын қойды. Қарағандылық Татьяна Савицкая Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың бағалары мен стандарттарын қалыптастыру туралы сұрады.
Дәурен Абаев үкіметтік емес сектор адамдардың мәселелерін шешуде үлкен рөл атқаратынын және дамуы керектігін атап өтті. Қоғамдық ұйым басшысының сұрағына ол егжей-тегжейлі зерттеу үшін жазбаша жауап беруге уәде берді.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

30°
В Балхаше: ясно, Влажность 23%, Давление 711, ветер 6 м/с

Валюта курстары

USD 384.87
Euro 432.52
Рубль 6.11

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх