Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

18 Маусым 2019
Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жүзу бойынша Әлем кубогының кезеңдерінде қарағандылық спортшылар 37 медаль жеңіп алды

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жүзу бойынша Әлем кубогының кезеңдерінде қарағандылықтар 37 медаль, оның ішінде жеті алтын ұтып алды.
Венецияда өткен турнирдің бірінші кезеңіне алты қарағандылық қатысты. Олардың үшеуі - Наталья Звягинцева, Андрей Афанасьев пен Әлия Рахимбекова Кубоктың қатарынан екі кезеңіне қатысып, Венеция мен Берлинде жарысты.
Спортшылар 20 медаль, оның ішінде 2 алтынды Италиядан алып келді. Тағы 17 медаль, оның ішінде бес алтын – Германияда қол жеткізген жетістік. Жүзушілер атап өткендей, екінші кезеңде көрсеткен өнерлері сәттірек болды.
- Біз жақсылап бой жаздық, Италияда сәттірек жүздік деп ойлаймын. Онда 50 метрлік бассейн бар. Біздің Қарағандыдағы жаттығу бассейніміз анағұрлым кішірек. Сондықтан да жаңа нысанға үйрену керек болды, әрине, бұл Венециядағы нәтижелерімізге әсер етті. Бірақ екінші кезеңде Берлинде біз икемделіп алдық. Сондықтан көрсеткіштеріміз әлдеқайда жақсы болды, - дейді спортшы Наталья Звягинцева.
Қазір жүзушілер Лондонда өтетін әлем чемпионатына дайындалуда.
Қарағанды мамандандырылған мүгедектер спорт мектебінде барлығы 144 адам жүзумен айналысады.

 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: пасмурно, Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 389.98
Euro 434.01
Рубль 6.10

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх