Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

17 Маусым 2019
Балқашта әуе жыландар фестивалі өтті

Балқашта туристік форум шеңберінде алғаш рет әуе жыландары фестивалі ұйымдастырылды. Жастар ресурстық орталығы және қалалық оқушылар сарайы бұл шараға бастамашы болды.
Техникалық шеберлікті сүйетіндер мен көрермендер қалалық жағажайда бас қосты. Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, шараға қатысуға 53 команда өтінім берген. Олардың қатарында балалар мен жасөспірімдер, мектеп оқушылары мен колледж студенттері болды. Бұл күні ауа райы да ұшу аппараттарын іске қосуға қолайлы болды – желдің күшімен айдаһар және құс түрінде жасаған әуе жыландары аспанға оңай көтерілді.
Жыландардың бірі тіпті 150 метр биіктікке жетті.
- Біз бүркіт түріндегі әуе жыланының үлгісін сатып алдық. Және оны өзіміз біраз жетілдірдік. Бауын жібек жіптерге ауыстырдық. Алдын ала жаттығу жасалды. Нәтижесінде біздің жылан жоғары көтерілді, содан кейін біз оны жоғалтып алдық. Біреулердің әуе жыланы біздің бауымызды кесіп жіберді. Сондықтан ол белгісіз бағытта ұшып кетті, - дейді модель иелері, жастар ресурстық орталығының еріктілері Нұрлан Мұратов пен Рахман Қасенхан.
Жеңімпаздар түрлі номинациялар бойынша іріктелді: супер-жылан; өз қолымен жасалған жылан; ең әдемі, ең алыс (ең жоғары биіктікке көтерілген) және патриоттық ("менің сүйікті қалам" деген жазуы бар). Командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

-17°
В Балхаше: ясно, Влажность 44%, Давление 728, ветер 1 м/с

Валюта курстары

USD 387.37
Euro 428.55
Рубль 6.06

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх