Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

17 Маусым 2019
Қарағанды облысы миллионға жуық туристер жиналатын өңірге айналады деп жоспарлануда

Қарағанды облысында туризм саласы өсімінің үш нүктесі анықталды. Бұл туристік картаның ТОП-10 нысандарына енген Балқаш курорттық аймағы, сондай-ақ Ұлытау тарихи-мәдени орталығы мен Қарқаралы ауданының курорттық аймағы. Балқаш қаласында өткен форумда туристік индустрияны қалай көтеру керек, шетелдіктерге елміздің сұлулығын көрсете білу және ішкі туризмді тартымды ету керектігі туралы айтылды. Аталмыш форум "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
- Өңірдегі туризмді дамытудың негізгі нүктесі болып табылғандықтан бұл форумды біз Балқашта өткізу туралы шешім қабылдадық. Қазіргі таңда статистика келесідей: облыста қонақ үйлер, демалыс аймақтары мен үйлері, жазғы лагерлер, пансионаттар және басқа 253 нысан мекендеу және демалысты ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетеді, олар жылына 280 мыңнан астам адамды қабылдайды. Біз жыл сайын туристік нүктелеріміз миллион туристерді қабылдайтындай деңгейге жету мақсатын алдымызға қойып отырмыз. Ал егер ол көрсеткіш осы деңгейден асып түсер болса, бұл шын мәнінде табысты болады деп ойлаймын, - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров аймақтық туристік форумның пленарлық отырысында.
Оның айтуынша, бай тарихи-мәдени мұрамыз, киелі орындардың болуы және облыстың географиялық орналасуымен қатар көптеген бірегей сәулет ескерткіштері белсенді және сауықтыру орындарынан этнографиялық және экологиялық туризмнің барлық түрлерін дамытуға үлкен мүмкіндіктер ашады.
Балқаш курорттық аймағын дамыту бойынша бас жоспарды Mc&Kensey консалтингтік компаниясы әзірледі. Демалыс аймағының құрамына Балқаш, Ақтоғай ауданының Тораңғалық және Шұбар-Тобек кенттері және Приозерск қаласы кіреді. Балқаш жағалауында 53 үй мен демалыс орындары орналасқан. Балхаш маңында жыл сайын жағажай демалысына шамамен 80 мың адам келеді. Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Аблаеваның айтуынша, 2030 жылға қарай туристік ағынды 4 есеге арттыру әлеуеті бар.
Ол курорттық аймақ аумағында инфрақұрылымды дамыту жобалары туралы тоөтала кетті. Мемлекеттік қолдау арқылы электр желілерін, су құбырларын салу, жағажай аймақтары мен жағалауларды жайластыру жоспарлануда, деп хабарлады басқарма басшысы.
Форум қатысушыларына 2019-2025 жылдарға арналған туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы таныстырылды. Бұл құжат жақында-30 мамыр 2019 жылы бекітілді. Ел Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша бағдарламаны іске асыру үшін жобалық кеңсе де құрылды. Туристік саланы дамытудағы жаңалықтар мен мемлекеттік қолдаудың басты шаралары туралы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Еркебұлан Хасенов баяндады.
- Ішкі туризм мәселесі басты назарда болды. Бұл салада біз көп жылдан бері жұмыс істеп келеміз, шетелдік туристер үшін турлар құрамыз. Бізде бірегей тарих жіне табиғаты әсем жерлер бар. Шет елдік туристерге көрсетіп, мақтан тұтарлық мекендер де жетерлік. Халқымыздың тұрмысы, өмір салты, ұлттық тағам – осының барлығы шетелдіктерге қызықты және олар Қазақстанға турист ретінде келгісі келеді. Бірақ осының бәрін көрсету және лайықты ұсыну үшін тырысу керек. Шешілуі тиіс мәселелер әлі де жеткілікті: жолдың нашар болуы, қалыпты дәретханалардың болмауы, кәсіби гидтердің жетіспеушілігі, - деді форумға қатысушы Нұр-Сұлтан қаласындағы турфирма жетекшісі Татьяна Верницкая.
Оның айтуынша, ақпараттық тур кезінде Балқаш маңын аралай келе туроператорлар Ақтоғай ауданында ерекше әсерге ие болған, себебі онда қонақтарды импровизацияланған ауылда қарсы алып, қазақ мәдениеті мен асүйін көрсетті. Бұл этнотуризмді дамытуға арналған нағыз қазына.
Форумға жиналған отандық туризмді дамытуға ат салысатын туристік фирмалардың өкілдері Балқаш - тек жағажайлық демалыс қана емес екеніне сенімді. Олар туристерді тартудың бірнеше жолдарын ұсынады. Бұл үшін бағдарлама құрып, жағдай жасау керек, деп атап өтті форумға қатысушылар.

 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

30°
В Балхаше: ясно, Влажность 23%, Давление 711, ветер 6 м/с

Валюта курстары

USD 384.87
Euro 432.52
Рубль 6.11

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх