Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

31 Мамыр 2019
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған шаралар өтті

Қарағандыда Достық үйінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел "Память во имя будущего" атты дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар арасында этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қарағанды облысының ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының мүшелері, ЖОО ғалымдары мен оқытушылары, мектеп оқушылары болды.

Дөңгелек үстел басында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасының маңыздылығы талқылады. Ол тарихи сананы дамытуға, азаматтық бірегейлікті, қоғамдық келісімді және тарихты еске алу призмасы арқылы Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігін нығайтуға арналған. Кездесу барысында тарихшылар Қазақстан тарихындағы ауыр және қайғылы кезең туралы жаңа деректермен бөлісті. Сондай-ақ, дөңгелек үстел қатысушыларына саяси қуғын-сүргінге ұшыраған "Алаш" қозғалысының қайраткерлері туралы жарияланған ғылыми еңбектері туралы айтылды.
Өткен ғасырдың 30-50 жылдары Қазақстан Кеңес Одағының әр бұрышынан жер аударылған халықтардың ортақ шаңырағына айналды. Күштеп қоныс аудару бірнеше кезеңмен өтті. Қазақстанға жарты миллионға жуық адам жаппай жер аударылды, олар Республиканың 12 өңірінде қоныстанды. Кезінде қоныс аударған барлық этностар бүгінгі таңда Қазақсанның халқы болып отыр.
Бұл күні сол қайғылы оқиғалардың тікелей куәгерлерінің ұрпақтары да өз оқиғаларымен бөлісті.
– Бұл күн миллиондаған жазықсыз сотталғандардың және атылған құрбандардың қайғы-қасіретті мен олардың ерліктеріне деген мақтаныш сезімін бірге сезіндіретін күн. Біз бүгін ашаршылық құрбандары, халыққа жасалған қатыгез шаралар туралы айтамыз. Бүгінгі ұрпақ тарихты білуі, тәуелсіздікті бағалауы тиіс. Қайғыға толы оқиғалардың өткеніне 82 жыл толды, алайда оны біздер мәңігілік есте сақтап қаламыз, - деді академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің "Археология, этнология және отандық тарих" кафедрасының доценті, "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрсахан Бейсембекова.
Қатысушылар арасында Қоғам және мемлекет қайраткері, "Алаш" партиясының негізін қалаушылардың бірі, ғалым, бірінші қазақ профессор-математигі Әлімхан Ермековтің немерсі – Олег Ермеков болды. Ол өзінің атасы, тағдырдың барлық сынақтарына лайықты төтеп бере алған аңыз-адам туралы әңгімеледі. "Контрреволюциялық қызметте" жалған айыптаулар бойынша Әлімхан Ермеков алдымен екі жыл ІІХК (НКВД) ішкі түрмесінде тергеу астында болды, содан кейін 1938 жылы ұзақ лагерьлік қамаққа алынды.
Сонымен қатар, шара аясында өлкетанушы Юрий Поповтың "Қарқаралыдағы қызыл дөңгелек" атты кітабының тұсауы кесілді. Сондай-ақ "Алғысым саған, Қазақстан!" оқушылар арасындағы шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Долинка кентіндегі мұражайға барды.
Айта кету керек, Қазақстанда жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Бұл атаулы күн Тұңғыш Президенттің 1997 жылғы 5 сәуірдегі бұйрығына сәйкес жыл сайын 31 мамырдаөтеді. Тарихшылардың мәліметтері бойынша, сталиндік қуғын-сүргін кезінде 118 Социалистік Қазақстан азаматы сотталып, 25 мың адам өлім жазасына кесілді, олардың басым бөлігі – қазақ зиялыларының өкілдері, ғылым, мәдениет, саясат қайраткерлері - Сәкен Сейфуллин, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев және басқалар.

 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

25°
В Балхаше: ясно, Влажность 27%, Давление 713, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 386.77
Euro 427.26
Рубль 6.00

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх