Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

30 Мамыр 2019
Сайлау күні Қарағанды облысында автобустарда жолақы тегін болады

Қарағанды облысында 9 маусымда сайлау күні жолаушыдан қоғамдық көлікте жол жүру ақысын талап етпейді. Таңғы сағат 6-дан 20.00-ге дейін автобустар тегін жұмыс істейтін болады. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде хабарлады. Ерлан Қошанов облыстық сайлау комиссиясының мүшелерімен, қала және аудан әкімдерімен және сайлау өткізуге жауапты мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен жиналыс өткізді.

Қарағанды облысында барлығы 787 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Сайлаушылар тізімінде 900 мыңнан астам адам бар. Оның 37 мыңы-мүмкіндігі шектеулі адамдар. Олар үшін дауыс беруге барлық жағдай жасалған. Сайлау өткізу дайындығына жауаптылар бүгінгі таңда учаскелер материалдық-техникалық жарақтандырылғанын айтты. Облыс әкімі өз кезегінде әрбір тұрғынның дауыс беру құқығын кедергісіз пайдалана алуларына жол бермеуді тапсырды.

- Жағдай тұрақты, дайындық бар. Алайда барлығы жақсы екен деп, бейжай отыра беруге болмайды. Енді ең бастысы дауыс беру күні қандай да бір келеңсіздіктерге жол бермеуге тырысу керек. Әркім өз блогына жауапты. Сіздерге жетекшілік ететін бағыттар бойынша қойылған міндеттерге тағы да назар аударамын және дауыс беру күні олқылықтарға жол бермеу керектігін айтамын" - деді Ерлан Қошанов 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

25°
В Балхаше: ясно, Влажность 27%, Давление 713, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 386.77
Euro 427.26
Рубль 6.00

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх