Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

30 Мамыр 2019
Қарағанды облысында биыл тағы 4 өрт сөндіру бекеті ашылады

Қарағанды облысында жыл соңына дейін тағы 4 өрт сөндіру бекеті құрылады. Бұл туралы брифинг барысында Қарағанды облысы ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев мәлім етті.

Ол сондай-ақ биылғы жылы 18 өрт-тактикалық оқу-жаттығулар жоспарланғанын айтты. Осы күнге дейін оның бесеуі өткізілді. Сондай-ақ, даладағы және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өртке жедел әрекет ету үшін ерікті жасақтар мен 10 бекет құрылды.
- Өрт сөндіру бекеттері арнайы техникамен жабдықталған. Қажетті жабдықтармен, оның ішінде мақташалармен, аспалы бүріккіштермен және шанц аспабымен толық жабдықталған. Ағымдағы жылы қосымша 4 өрт сөндіру бекетін құру жоспарлануда, - деді Қарағанды облысы ТЖД бастығы.
2018 жылы облыс аумағында ТЖД бөлімшелері мен еріктілердің жалпы күшімен 187 табиғи өрт пен тұтанулар жойылды. Осы жылдың өткен айларында аймақта жалпы ауданы 859 га болатын 40 өрт оқиғасы орын алды.
Табиғи өрттер мен жанудың себебі, негізінен отты абайсыз қолдану болып табылады: өтіп бара жатқан автомобильдердің терезелерінен сөндірілмеген сіріңкелер мен темекі, пикниктерден кейін сөндірілмеген алау, құрғақ өсімдіктерді бақылаусыз өртеу.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

25°
В Балхаше: ясно, Влажность 27%, Давление 713, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 386.77
Euro 427.26
Рубль 6.00

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх