Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

30 Мамыр 2019
Қарағандылықтарға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы еске салды

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері суға шомылу маусымы кезінде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске салды.

Брифинг барысында Қарағанды облысы ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев өңірде қандай алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
- Күннің жылыныуына байланысты өрт қауіпті және суға шомылу маусымы басталады. Жазғы уақыттағы қауіпсіздік біздің №1 міндетіміз болып табылады. Өткен жылдағыдай, судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін біз алдын ала үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын бастадық. Демалушылармен әңгімелесулер өткізіледі. Сондай-ақ су қоймалары мен жағалауларындағы патрульдеу және рейдтер ұйымдастырылуда. Құтқарушыларға көмек көрсету үшін еріктілерді тартамыз. Балалар қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді, өйткені демалыс кезінде олар ересектер тарапынан қараусыз қалады, - деді Ибрагим Күлшімбаев.
Оқушылар үшін теориялық сабақтар мен нұсқаулық жүргізіледі. Балалар мен жасөспірімдерге судағы жүріс-тұрыс ережелері туралы әңгімелейді. Суға батушыларды құтқару кезінде дұрыс әрекет етуге және алғашқы көмек көрсетуге үйретеді. Сондай-ақ, жазғы сауықтыру лагерлерінің қызметкерлері үшін қауіпсіздік бойынша арнайы сабақтар ұйымдастырылды.
- Өткен жылы облыс бойынша 13 мыңнан астам балаға жүзуді үйреттік. Биылғы жылы оқу жалғасуда. Су қоймаларында құтқару бөлімшелерінің күштері жоғары дайындық режимінде тұр. Құтқару станциялары Федоров, Самарқанд, Шерубай-Нұра, Кеңгір су қоймаларының жағалауларында, сондай-ақ Балқаш және Айнакөл көлдерінде орналасқан. Бөлімшелер қажетті автомобиль техникасымен және жүзу құралдарымен жабдықталған, - деп атап өтті ТЖД бастығы.
Ол сондай-ақ алдын алу жұмыстары нәтижелі болғанын айтты. Статистика бойынша 2018 жылы судағы қайғылы оқиғалар 25% - ға азайды.
Құтқарушылар атап өткендей, көбінесе адамдар жабдықталмаған және жүзуге арналмаған жерлерде - жабайы жағажайларда, жасанды су айдындарында шомылады.
- Суға шомылу маусымы қайғысыз өтуі үшін облыс тұрғындары мен қонақтарын, балалар лагерлерінің, демалыс орындарының қызметкерлерін, су айдындарының иелерін аса мұқият болуға шақырамын. Балаларға үлкендердің қарауынсыз суға кіруге рұқсат етпеу керек, - деді Ибрагим Күлшімбаев.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

32°
В Балхаше: ясно, Влажность 31%, Давление 710, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 378.83
Euro 430.99
Рубль 6.04

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх