Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

30 Мамыр 2019
Қарағанды облысында "Жігерлі жастар" І облыстық көшбасшылар лагері өтті

Қарқаралы қаласында "Жас дәурен" балалар сауықтыру лагерінің базасында "Жігерлі жастар" І облыстық көшбасшылар лагері ұйымдастырылды. Шараға облыстық "Жігер" жастар қозғалысының үйлестірушілері мен жетекшілерінен құралған 100 адам қатысты.
"Жігер" жастар қозғалысына техникалық және кәсіптік колледждердің студенттері кіреді.
Жас көшбасшылар бес командада жұмыс істеді. Олар шеберлік-сыныптарға, тренингтерге, байқаулар мен спорттық жарыстарға қатысты. Сонымен қатар қатысушылар жастар қозғалысының одан арғы қызметін, қазіргі проблемалар мен олардың шешімдерін талқылады. Лагерьге жиналғандар үшін Қарқаралы ұлттық паркіне экскурсия және үш бағыт бойынша туристік сапар ұйымдастырылды.
Лагерь жұмысының қорытындысы бойынша командалар кубоктармен және дипломдармен марапатталды.
Іс-шараны Қарағанды облысының білім басқармасы және "Сарыарқа дарыны" аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы облыстық "Жігер" штабымен бірлесіп ұйымдастырды. 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

25°
В Балхаше: ясно, Влажность 27%, Давление 713, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 386.77
Euro 427.26
Рубль 6.00

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх