Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

30 Мамыр 2019
Қарағандыда аймақтың үздік мемлекеттік қызметшілері анықталды

Қарағандыда "Үздік мемлекеттік қызметші" республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Шара әңгімелесу түрінде өтті. Қатысушылар жеке жобаларды қорғау керек болатын.

Бұл кәсіби байқау елімізде үшінші рет өткізіліп отыр. Оның басты мақсаты-мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін тарату, үздік қызметкерлерді көтермелеу болып табылады.

Биыл өңірде байқауға қатысуға 16 адам өтініш берді. Олардың үшеуі мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес және тәртіптік және әкімшілік жазалардың болмауы керек деген қажетті өлшемшарттарға сәйкес келмеді.

- Нәтижесінде 13 қатысушы тест тапсырды. Оның нәтижесі бойынша 7 адам таңдалды. Қорытынды кезеңде қатысушылар жеке жобаларды қорғайды, - дейді Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Әсел Біләлова.

Барлық қатысушылардың жасы мен жұмыс өтілі әр түрлі. Мысалы, Ерлан Төлепов мемлекеттік қызметте 19 жыл жұмыс істеп келеді.
- Мен осындай байқауға алғаш рет қатыстым. Ол мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға бағытталған және біз үшін үлкен ынталандыру болып табылады. Барлығымыз үшін бұл үлкен сын, өз құзыреттілігі мен дағдыларын тексеруге жақсы мүмкіндік. Менің жобам "субсидиялау қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру"деп аталады. Бұл өте өзекті тақырып, - дейді байқауға қатысушы, Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Ерлан Төлепов.

Байқаудың облыстық кезеңі бірнеше кезеңнен тұрды. Біріншісі-мотивациялық эссе жазу, екіншісі-бағдарламалық құжаттарды білуге тестілеу, үшіншісі-дербес жобаны дайындау және қорғау.

- Менің еңбек өтілім 3 жыл. Байқауға қатысуға шешім қабылдадым, себебі өз кәсіби деңгейімді көтергім келеді, тәжірибе мен қосымша білім жинағым келеді. Тестілеу кезеңінде сұрақтар "Қазақстан 2050", "Қазақстан 2025", "Рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры" сияқты стратегиялық және бағдарламалық құжаттардан тұрды, - дейді Қарқаралы ауданының қатысушысы Нұржан Қошқынбай.

Өткізілген әңгімелесудің қорытындысы бойынша өңірлік комиссия конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға ұсынылатын үміткерлерді анықтады. Жеңімпаздар "ҚР Үздік мемлекеттік қызметшісі" төсбелгілерімен марапатталады.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

32°
В Балхаше: ясно, Влажность 31%, Давление 710, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 378.83
Euro 430.99
Рубль 6.04

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх