Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

30 Мамыр 2019
Абай ауданында биылғы жылы астық тазалау кешені іске қосылады

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров Абай ауданындағы егіс жұмыстарының барысымен танысты. Оған сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы да айтылды.
"Шанс" шаруа қожалығында неміс технологиясы бойынша құрама жем зауытының құрылысы жүріп жатыр. Өндіріс автоматтандырылған болады. Зауыт жүздеген түрлі қоспаларды шығара алады.
Бұл кәсіпорын биылғы жылы астық пен шөп тұқымын тазалауға арналған кешенді іске қосады. Бұл жобаны жүзеге асыруға миллиард теңгеден астам инвестиция салынды. Жаңа буынды астық тазалау машинасы сатып алынды. "Шанс" елімізде алғашқылардың бірі болып осы технологияны енгізуде. Машина дәнді-дақылдар, бұршақты, жарма және майлы дақылдарды тазалауға арналған. Оның өнімділігі сағатына 50 тоннаны құрайды.
Облыс әкімінің орынбасары "Астра-Агро LTD" ЖШС зертханасын қарап шықты.
- Біздің шаруашылығымызда 600 гектар жер бар. Өткен жылы 580 гектардан 22 мың тонна картоп жиналды, - деді кәсіпорын басшысы Амангелді Мұқашев.
Өсімдік шаруашылығымен қатар, "Астра-Агро" мал шаруашылығымен айналысады. Кәсіпорын 500 басқа арналған сүт-тауар фермасын салады. Жобаны іске асыру жылына 2 500 тонна сүт өндіруге мүмкіндік береді.
Биыл Абай ауданында қырыққабат отырғызылады. Көкөністерді жақсы өсіру үшін өсімдік өсірушілер жаңа суару қондырғыларын сатып алды.

 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

25°
В Балхаше: ясно, Влажность 27%, Давление 713, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 386.77
Euro 427.26
Рубль 6.00

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх