Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

29 Мамыр 2019
Қарағандылық пауэрлифтер жаңа әлемдік рекорд орнатты

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында пауэрлифтерлерге құрмет көрсетілді. Кездесудің басты кейіпкері Қараман Абдулкәрім болды. Қарағандылық спортшы екі рет әлем чемпионы атанып, жаңа әлемдік рекорд орнатты.
Пэуерлифтинг бойынша Халықаралық біріншілік Токио қаласында мамырдың 18-нен 25-не дейінгі аралықта өтті. «Классикалық сығымдап көтеру» тәртібі бойынша 59 келі салмақ дәрежесінде алтын медальді біздің жерлесіміз жеңіп алды. Сонымен қатар сайыс барысында ол жаңа әлемдік рекорд орнатты - 175,5 келі. Жапониядағы біріншіліктің соңғы күні - 24 мамырда, - Қараман Абдулкәрім 217,5 кел нәтижесімен «жабдықсыз штанганы жатып көтеру» тәртібі бойынша бірініш орынды иеленді.
- Өткен жылы әлем чемпионатында екінші орын алдым, - деді рекордшы. - Осыдан кейін 2019 жылы алтын медаль алып, әлемдік біріншіліктің үш мәрте жеңімпазы атану мақсатын қойдым. Олимпиадалық емес спорт түрінде бұл еңбек сіңген спорт шебері атағын алуға құқық береді. Өз арманымды жүзеге асырғаныма өте қуаныштымын.
Қараман Абдулкәрім – облыстық кешенді спорт мектебінің түлегі, Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірті. Ол тек жарысқа қатысып қана қоймай, өз туған ауылында балаларды жаттықтырады. Әлем чемпионының басты тәлімгері оның туған әкесі Дәрібай Оспанов болып табылады. Ол 70 жасында халықаралық жарыстарда ардагерлер арасында жүлделі орын алған мықты спортшы.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

25°
В Балхаше: ясно, Влажность 27%, Давление 713, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 386.77
Euro 427.26
Рубль 6.00

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх