Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

23 Мамыр 2019
Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балалар футболдан құрама жасақтауда

Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балалар арасында футболдан облыс құрама командасы жасақталуда. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатта екі ай бойы жаттығулар өтіп жатыр.
Қазір мектептің 30 тәрбиеленушісі футбол ойнайды. Команда қатысушыларының жас мөлшері – 9-дан 14 жасқа дейін. Барлық жаттықтырушылар Алматы қаласында ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу бойынша арнайы дайындықтан өтті. Сабақтар аптасына екі рет өтеді.
- Жаттығулар балаларға оң әсер етеді, бұл бірден байқалады. Біз, жаттықтырушылар, олардан жақсы қуат аламыз. Балалардың жаттығуларды қалай күтетінін, олардың қалай қуанатынын және тырысатынын көріп отырмыз, - дейді жаттықтырушы Евгений Свешников.
Мамандандырылған мектеп-интернат тәрбиеленушілері үшін сабақтар балалар футболын дамыту бойынша пилоттық жоба аясында ұйымдастырлып отыр. Өткен жылдың қазан айында Nur Otan партиясы, Қазақстан және Қарағанды облысының футбол федерациялары, спорт басқармасы және "Шахтер" ФК арасында меморандумға қол қойылған болатын. Қараша айынан желтоқсан айына дейін жаттықтырушылар арнайы курстардан өтті, содан кейін балалар үшін формалар мен доптар сатып алынды. Жаттығуларға осы жылдың сәуір айында кірісіп кетті.
- Қазір Қарағанды облысының құрамасы жасақталуда. Алдағы уақытта футбол федерациясы әр өңірден келген командалар арасында чемпионаттар өткізіп, оған біздің облыс та қатысатын болады, - деді дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов.
Осыған ұқсас бағдарлама Алматы мен Павлодар облысында жұмыс істейді.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

25°
В Балхаше: ясно, Влажность 27%, Давление 713, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 386.77
Euro 427.26
Рубль 6.00

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх