Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

23 Мамыр 2019
«Сәкен оқулары» мәнерлеп оқу сайысының жеңімпазы Сәкен Сейфуллиннің 70 өлеңін жатқа оқыды

Қарағанды қаласында С. Сейфуллин атындағы театрдың сахнасында «Сәкен оқулары» атты бірінші облыстық мәнерлеп оқу сайысы өтті. Оған облыс бойынша 50-ге жуық оқушы қатысты.

Биылғы жылы Қазақ әдебиетінің негізін салушы, ақын, жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толады. Осы күнге орай облыста алғаш рет Сәкен оқулары ұйымдастырылды.
- Облыстық турға ең үздік, аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысады, - деді шараның ашылу салтанатында Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев.
Байқауға 7-10 сынып оқушылары қатысты. Олар «Сыр сандықты ашып қара» және «Сәкеннің ән сандығы» номинацияларында өнер көрсетті.
Бірінші номинация бойынша қатысушылар Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын жатқа оқыды. Екінші кезеңде оның өлеңдеріне ән шырқады.
Жезді кентінен келген қатысушы, оныншы сынып оқушысы Сағыныш Баркен финалға барынша дайындалған екен. Ол ақынның 44 өлеңін жатқа оқыды.
- Аудандық турға 16 адам қатысып, Мен бірінші орын алдым. Байқау үшін мен Сәкен Сейфуллиннің прозасында 44 Өлең, 5 поэма және 2 шығарма дайындадым. Менің сүйікті өлеңім – «Сыр сандық». Ол оңай жатталады, достық туралы сыр шертеді, - дейді Сағыныш Баркен.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, «Сәкен оқулары» мәнерлеп оқу байқауының басты мақсаты - ақынның шығармаларын насихаттау, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
- Мен Сәкеннің туған жерінде оның мерейтойы атап өтіліп жатқанына қуаныштымын. Өзінің қысқа ғұмырында Сәкен өзінен кейінгі ұрпаққа үлкен із қалдырып үлгерді. Біздің балаларымыз мұны білуі керек және оны есте сақтаулары керек. Бұл байқау жыл сайын өткізілсе деген тілегіміз бар. Болашақта да республикалық маңызға ие боладыдеп үміттенеміз, - деді қазылар алқасының төрағасы, ақын, филология ғылымдарының докторы Күләш Ахметова.
Байқау қорытындысы бойынша «Сыр сандықты ашып қара» номинациясы бойынша С. Сейфуллин атындағы мектептің 7 сынып оқушысы Жасмин Әбдірахман үздік атанды (Шет ауданы). Ол ақынның 70 өлеңін жатқа біледі. «Сәкеннің ән сандығы» номинациясы бойынша облыстық мамандандырылған музыка мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Аружан Сапан жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар, ал барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

25°
В Балхаше: ясно, Влажность 27%, Давление 713, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 386.77
Euro 427.26
Рубль 6.00

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх