Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

16 Мамыр 2019
Ерлан Қошанов Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті. Қазақстанның Православие шіркеуінің басшысы Құдай Ананың Феодор иконасымен бірге Қарағандыға келді. Бұл күндері православ жұртының қасиетті нысаны Введен кафедралды шіркеуінде орналасатын болады.
- Бұл біздің алғашқы кездесуіміз емес. Біз жүздескен сайын қоғамдағы бейбітшілік пен келісімге, рухани ағартуға қатысты түрлі маңызды тақырыптарды талқылаймыз. Бұл жолы сіз ерекше миссиямен келдіңіз – біздің облысқа ең көне иконалардың бірін алып келдіңіздер. Қарағандылықтар оны ерекше қошеметпен қарсы алды. Бұл біздің өңір үшін маңызды оқиға, - деді Ерлан Қошанов.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр адамдар арасында келісім мен бейбітшілік үстем болғанда ғана экономиканы құруға, қоғам өмірінің барлық жақтарын дамытуға болатынын атап өтті. Ол Қарағандыға әкелінген иконаның православиелік келушілер үшін өте маңызды екенін атап өтті.
- Мәскеу және бүкіл Ресейдің Қасиетті Патриархы Кириллдің батасы бойынша Ұлы далаға православияның ұлы қасиетті аруақ қонған Құдай Анасының керемет Феодор иконасы келіп отыр, - деді митрополит Александр.
Икона Көкшетауда және Нұр-Сұлтанда болды. Қарағандыда Введен кафедралды шіркеуіне оған 10000-нан астам адам келді. 17 мамыр күні діни қызметкерлер иконаны Алматыға алып өтпек.
Митрополит Александрмен бірге Молдовадан келген Епископ Никодим келді. Карлагта оның атасы жазасын өтеген екен.
- Кеше біз бірге қызмет атқардық. Епископ Никодимге Карлаг және Мамочкин зираты туралы және Қазақстанда Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу туралы айтып бердік, - деді митрополит Александр.
Өз кезегінде Епископ Никодим Қарағандыға жасаған сапары ол үшін маңызды оқиға болғанын және үлкен әсер қалдырғанын атап айтты.
- Сіздердің елдерііңіз мені таң қалдырды. Сіздер қалыпты, жақсы және достықта өмір сүріп жатырсыздар. Менің ойымша, бұл сіздердің Тұңғыш Президентіңіздің дана шешімі. Ал Қарағанды мен үшін туған қалаға айналды деп айтуға болады. Біз мүмкіндігінше менің атам туралы көбірек ақпарат жинауға тырыстық, - деді Епископ Никодим.
Кездесу соңында облыс әкімі митрополитке өңірдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

33°
В Балхаше: ясно, Влажность 26%, Давление 708, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 383.01
Euro 430.12
Рубль 6.10

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх