Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

16 Мамыр 2019
Қарағандылық кәсіпкерлер Германияда тегін тағылымдамадан өтеді

Қарағандылық кәсіпкерлер Германияда тегін тағылымдамадан өтуі мүмкін. Бұл «Іскерлік байланыстар» жобасының арқасында мүмкін болып отыр. Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы жергілікті бизнес өкілдерін оқуға қатысуға шақырады.
Жоба аясында оқыту 8 шілдеде басталады. Оған кез келген кәсіпкер қатыса алады. Өтінімдер Қарағанды қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында және облыстың барлық аудандары мен қалаларында кәсіпкерлікті қолдау Орталықтарында қабылданады.
- «Іскерлік байланыстар» жобасының белгілі бір талаптары бар. Қатысушы басшылық құрамында, кәсіпорын басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымға ие болуы тиіс. Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде оқыту Қазақстанда өтеді. Екінші кезең шетелде тегін тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өтуді қарастырады, оның ішінде шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату қарастырылған, - деп түсіндірді Қарағанды облысы КП қаржылық емес қолдау бөлімінің сарапшысы Аянна Тыныбаева
Бірінші кезеңде оқыту 3 аптаға созылады. Онда еліміздің үздік бизнес-жаттықтырушылары дәріс оқиды, сонан соң қатысушылар бизнес-жоспарлар құруы тиіс. Әңгімелесу аяқталғаннан кейін 4 апталық шетелдік тағылымдамаға үміткерлер іріктеледі.
«Іскерлік байланыстар» жобасын «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асырады.
Жоба туралы толық ақпаратты Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасынан білуге болады. Анықтама телефоны: 50 64 18.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

33°
В Балхаше: ясно, Влажность 26%, Давление 708, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 383.01
Euro 430.12
Рубль 6.10

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх