Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

15 Сәуір 2019
Қарағанды облысында жылыту маусымының қорытындысы жасалды

Жылыту маусымы облыстың оңтүстік аймақтарында аяқталды. Өңіріміздің солтүстік бөлігінде және Қарағандыда алдағы уақытта аязды күндер болуы ықтималдығының салдарынан жылу беру жұмыстарын әзірге тоқтатпау туралы шешім қабылданды.
- Әр аудан жылыту маусымын қайы уақытта аяқтайтынын өздері шешеді. Бұл ретте ауа райы мен халықтың тілегіне байланысты шешім қабылданады. Қарағандыда біз жылыту маусымын ұзартуды шештік,себебі сәуірдің 16-нан 18-не дейін аяз болады деп күтілуде. Түнде температура нөлден төмен түседі. Сондықтан қала тұрғындарына қолайсыздық туғызбау үшін біз жылыту маусымын кешірек аяқтаймыз, - деді Қарағанды облысының Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов.
Жалпы жылыту маусымы өңірде штаттық режимде өтті. Осы уақыт аралығында сегіз жылу станцияларында жабдықтың бірінші дәрежелі істен шығуы үш рет, ал және екінші дәрежелі ақаулар 207 рет тіркелген. Әрбір жағдайда тексеру жұмыстары жүргізілді. Ақауларды жою бойынша ұйғарымдар берілді. Биылғы жылыту маусымында Теміртау қаласындағы ЖЭО-2 жұмысы ерекше бақылауда болды. Жалпы, станцияда жылу температурасы қалыпты нормаға 5-7 градус жетпеді. Алайда ол тұрғын үйлердің температурасына әсер еткен жоқ, дейді мамандар.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов бұл статистикаға көңілі толмайтынын жеткізді. Аймақ басшысының пікірінше, биылғы атқарылған жұмысты жақсы деп санауға болмайды.
- Менің ойымша, жылу станцияларындағы тоқтаулар температуралық режимге тікелей әсер етті. Бұл жөндеу және энергия қадағалау мен энергетика басқармасының нашар жұмысы салдарынан болды. Сіздер жөндеу сапасын қадағалауларыңыз керек, әрбір құбырдың қосылған жерлерін тексерулеріңіз қажет! Бұл сіздердің жұмыстарыыңыз. Қазірден бастап жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалай бастаңыздар, - деп тапсырды аймақ басшысы.
Биыл облыс орталығында барлық орталық жылу жүйелері ретке келтірілетін болады. Жылу беру маусымы басталғанда Майқұдықтағы 19 шағын ауданында орын алған құбыр жарылысына қатысты мәселе шешілді. Жер асты желілері жер үстімен өтетіндей етіп ауыстырылды. Қала әкімі Нұрлан Әубәкіровтің айтуынша, алдағы бірнеше жылда бұл учаскеде қиындықтар туындамауы тиіс.
Сондай-ақ, биыл Республика даңғылы, Құрылысшылар мен Мұқанов көшелеріндегі жылу желілері жөндеуден өтеді. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында кең Дала ықшам ауданында жылу желілерін жөндеу және салу жоспарланған.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

25°
В Балхаше: ясно, Влажность 27%, Давление 713, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 386.77
Euro 427.26
Рубль 6.00

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх