Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Енді жаңа туған сәбиді проактив тәсілмен мекенжай тіркеуіне қоюға болады


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бала туылуына байланысты проактив тәсілмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіміне мекенжай бойынша тіркелу қызметін қосты. Бұл қызмет мемлекеттік корпорацияның бастамасымен ҚР ІІМ мен Әділет министрліктері базаларының интеграциялануы нәтижесінде жүзеге асып отыр.

Енді жаңа босанған әйелдерге баланың туу туралы құжатын жасатып, балабақша кезегіне тұру және жәрдемақы алуға ұсыныс білдіретін смс-хабарламамен бірге жаңа туған сәбиді мекенжай тіркеуіне қоюға мүмкіндік беретін хабарлама қоса жолданады.

«Проактив тәсілі азаматтарға ешқайда шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Жаңа технологиялар енді ғана сәбилі болған ата-анаға ХҚО-ға бармай, баланың бар құжаттарын реттеуге көмектеседі. Керегі – телефонға келген смс-ке жауап беру ғана», – дейді мемлекеттік корпорацияның төрайымы Әсемгүл Балташева.

Ереже бойынша дүниеге келген сәбидің ата-анасының біріне екі апта ішінде мекенжай тіркеуіне тұру жөнінде смс-ұсыныс жолданады. Сұраққа оң жауап берілген жағдайда баспана иесі өз мекенжайының тіркеу кодын енгізуі тиіс. Пәтер не үй баланың ата-анасының атында болмаған жағдайда баспана иесінің ЖСН-і қоса жолданады. Бұл ретте, проактив тәсілмен жолданатын смс-терді алу үшін баланың ата-анасының бірі міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек.

Айта кетейік, 1,5 жыл бұрын іске қосылған проактив тәсілімен 70 мыңнан астам баланың туу туралы құжаты беріліп, 13 мың бөбек балабақша кезегіне тұрғызылды.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы  КЕАҚ баспасөз қызметі

Тел.: 8 (7172) 95 51 54 (109)


Кері қайту


Дата редактирования: 27 Тамыз 2019

Ауа райы

26°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 36%, Давление 716, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 411.66
Euro 465.92
Рубль 5.81

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх