Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Электронды қызмет алу – уақытты үнемдеудің кепілі


«Жай адам уақытты қалай өткізуге болатынын ойлайды. Ақылды адам уақытты қалай тиімді пайдалану керектігін ойлайды» - деген қазақтың нақыл сөзін негізге ала отырып, төмендегі мақаламды бастаймын.

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына – ақпараттық қоғамға аяқ басты. Осындай әлемдік ауқымда жүріп жатқан заманауи үрдістен, өркениеттің көшінен біздің еліміз де қалыс қалмасы түсінікті. Күнделікті тіршілікте біздің көп уақытымыз мемлекеттік қызмет алу үшін кезек күтумен өтеді, жол шығындары да бар. Осылардың алдын алу мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды нұсқаға ауыстыру қажет. Электрондық үкімет порталы халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бір терезе принципі бойынша жеңілдету мақсатымен құрылған. Бұл мемлекеттік орындардың барлық ақпараттық ресурстарына қолжетімділіктің бір нүктесі: үкіметпен ашық диалог. Яғни, түрлі анықтамалар алу (мекен-жай, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы және т.б.), баланың туу туралы куәлігін алу, оны балабақша кезегіне тіркеу, кредиттік карта көмегімен БАЖ салығын төлеу, зейнетақы тағайындау туралы ақпарат алу және т.б. Жоғарыда көрсетілген қызметтерді электронды түрде алу үшін тек халыққа қызмет көрсету орталықтарынан электрондық цифрлық қолтаңба және интернет желісі жұмыс істейтін компьютер қажет.

«Электрондық үкімет» веб-порталын құруға Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10-шы қарашада  «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары «электрондық үкіметті» құру туралы мемлекеттік бағдарламасы» туралы Үкімі негіз болды. «Электрондық үкімет» порталы
2006 жылы іске қосылды.

Бүгінгі күнде мемлекеттік қызмет көрсету саласында ақпараттандыру процесі қызу жүруде, оның ішінде саясат саласында
да жаңа ақпараттық – коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік қызмет пен әкімшілік – басқару істерін әлемдік стандарттарға сай модернизациялауға барынша күш салынып, осыған сәйкес Қазақстанның саяси жаңғыруындағы аса маңызды факторлардың бірі – электрондық үкіметтің қалыптасуы мен дамуы болып табылады. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен көптеген бағдарламалар қабылданып, жыл сайынғы жолдауларда айтылуда. Оның ең соңғысы Елбасымыздың Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты 2018 жылдың 5 қазанындағы халыққа Жолдауында

«2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс» - деп айтылған.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету «электрондық үкіметтің» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы жүзеге асырылады.

Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облысымызда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 70 666 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Ал, 2018 жылдың 9 айында 643 091 мемлекеттік қызметтер көрсетілген, яғни өңіріміздің тұрғындары электрондық қызмет алуға көп жүгінетінін байқаймыз.

Қазіргі таңда, біздің мемлекетіміз «электрондық үкіметтің» дамуы әлемдік рейтінгісінде Австриямен қатар 25 орында, Азия елдері арасында
8 орынды иеленіп тұр.

«Электрондық үкімет» веб-порталы мемлекеттік қызметтерді
алу барынша автоматтандырылған, оңтайландырылған, қоғамның әрбір мүшесіне әлеуметтік коммуникация шығындарын төмендету мақсатына қызмет ететін электронды жүйе болғандықтан, барлығымызға оның дамуына
ат салысқанымыз жөн.

Қорытындылай келе қоғамдық қайраткер, ғылыми педагогиканың негізін қалаушы Ян Амос Коменскийдің «Қызметтің пайдалы болуы уақытты ұтымды қолданудан» - деген сөзін назарға ала отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкіметтің» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы алуға шақырамын.

 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша департаментінің

мемлекеттік қызметтер көрсету

басқармасының бас маманы

ТАЛҒАТҰЛЫ МҰРАТ


Кері қайту


Дата редактирования: 27 Тамыз 2019

Ауа райы

26°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 36%, Давление 716, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 411.66
Euro 465.92
Рубль 5.81

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх