Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk


«Балқаш қаласының ветеринария бөлімі» ММ-нің 2017 жылдың 12 айына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бөлімнің жұмысы туралы есебі

«Балқаш қаласының ветеринария бөлімі» ММ-сі  2017 жылдың 12 айында төмендегідей мемлекеттік қызмет түрлерін  көрсетті :
Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 тамызда № 11959 болып тіркелді.
      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, келесі стандарттар бекітілген, атап айтқанда:
1) Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру;
2) Ветеринариялық анықтамалар беру;
3) Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу;
4) Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау.
Осы жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді талапқа сәйкес күнделікті жұмыс барасында басшылыққа ала отырып, сапалы атқару келесі органдарға жүктелген:                  1) «Балқаш қаласының ветеринария бөлімі» ММ-сі,
2) «Балқаш қаласының ветеринариялық станциясы» КМК-сы,
3) «Заготскот» ЖШС-гі.

2017 жылдың 12 айында  көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлерінің саны:
1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру – 4 дана.
2. Ауыл шаруашылық малдарына ветеринариялық анықтама беру –1599 дана.
3. Ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру – 1822 бас.
4. Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызмет атқаратын заңды және жеке тұлғаларды аттестациялау – 0.
Мемлекеттік қызмет түрлері тұтынушыларға тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету – Қазақстан Республикасы Заңы негізінде «Балқаш қаласының ветеринария бөлімі» ММ-сі және «Балқаш қаласының ветеринариялық станциясы» КМК-ның  ветеринар мамандары көрсетеді. Атап айтатын мәселе, бұл қызмет түрлері ХҚО (ЦОН) арқылы көрсетілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне сәйкес, жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтер белгіленген мерзімді бұзбай, дер кезінде беріліп отырады. Қызмет алушылар тарапынан ешқандай шағым түскен жоқ және сотқа шағымданушылар жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат қалалық әкімдіктің веб-сайтында орналасқан.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бөлімде апта сайын өтетін қызметтік лездемеде оның сапасы, уақытылы орындалуы, қызмет алушылармен сыпайы ара-қатынас толығынан айтылып,  үнемі басшылықтың бақылауында тұрады.
Сонымен бірге бөлімде, мемлекеттік қызмет көрсету барысында айтылатын арыз-шағымдарды тіркейтін арнайы журнал мен жәшік бар. 
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сенім телефоны көрсетілген, қалаған уақытта мемлекеттік қызмет көрсету бойынша хабарласа аласыздар.
Біздің мекен жайымыз: Балқаш қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі 3 үй, каб.301/4 Байланыс телефоны: 8/71036/ 4-03-70, 7-50-35.

   «Балқаш қаласының ветеринария бөлімі» ММ-сі


 


Дата редактирования: 17 Маусым 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх