Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Басшының өмірбаяны

«Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының ӨМІРБАЯНЫ

Шлықова Зәуре Сағбайқызы 1962 жылы 18 желтоқсанда Балқаш қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ.

1985 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Қарағанды политехникалық институтын үздік дипломмен «Кен өнеркәсібінің экономикасы және оны ұйымдастыру», кең инженері-экономист мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1985 жылы Балқаш кең-металлургия комбинатында кадралар және техникалық оқыту бөлімінің инспекторы лауазымынан бастады. 1990 жылдарға дейін БҚМК өндірістік цехтарында әр-түрлі лауазымдарды атқарды (экономикалық жоспарлау бөлімінің экономист-нормалаушысы, БМЗ-ның еңбекті нормалау инженері). 1990 жылдың ортасынан  1994 жылға дейін шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыс істеді.           1996-2001 жылдары мемлекеттік қызметте Балқаш қаласы әкім аппаратында экономика комитетінің бас маманы лауазымын атқарды. 2001 жылдың мамыр-қараша аралығында Балқаш қалалық статистика бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс жасады. 2001 жылдың аяғынан бастап 2004 жылға дейін Балқаш қаласы әкімдігінің экономика комитетіне басшылық етті.  2004 жылдың сәуір айынан бастап Балқаш қалалық статистика бөлімін басқарды. 2005 жылдың тамыз айында Балқаш қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысы лауазымына тағайындалды, кейіннен 2013 жылы қайта құрылуына байланысты Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып тағайындалды. 

Екі мерейтой медальдарымен («Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігініе 25 жыл», «Қазақстан патриоты»), қала әкімнің Құрмет грамотасы (2011ж.), Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен (2013ж.)  марапатталған.

Тұрмыста, бір қызы бар.

 


Дата редактирования: 22 Сәуір 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх