Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Бөлімнің ережесі

«Балқаш қаласының  экономика және қаржы бөлімі»
 мемлекеттік мекемесі туралы

Е Р Е Ж Е

 

  • Жалпы ережелер
  • «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік жоспарлау жүйесін, экономикалық саясатты қалыптастыру мен дамыту, бюджетті атқару және қаланың коммуналдық меншігін басқару саласындағы  басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  •  «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, Қарағанды облысы  және  Балқаш қаласы әкімдіктерінің  қаулыларына және осы  Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  • «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тілдегі атауымен  мөрі және штампы, белгіленген үлгідегі бланкілері және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлға  болып табылады.
  •  «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан енеді.

5. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес уәкілетті болған жағдайда  азаматтық-құқықтық қатынастардың  жағы ретінде мемлекет атынан әрекет етуге құқылы. 
6. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен бекітілген тәртіпте «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтары және Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен рәсімделген өз құзыретіндегі сұрақтар бойынша  шешімдер қабылдайды.
7. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұланың мекен-жайы: 100300, Карағанды облысы, Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 3 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – мемлекеттік тілде: «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел экономики и                         финансов города Балхаш».
10. Мемлекеттік мекеменің құрылуы туралы шешім қабылдайтын Балқаш қаласының әкімдігі мемлекеттік органның құрылтайшы болып табылады. Осы Ереже «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
11. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыланады.
12. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен уағдаластық қатынастар орнатуға тыйым салынады.
Егер «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.


      2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі мақсаттары,
 функциялары, құқығы және міндеттері

          13. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

  • қалалық деңгейде мемлекеттік экономикалық саясаттың стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын  ескере отырып, қаланың тұрақты экономикалық өсуіне қол жеткізетін және әлеуметтік-экономикалық жағдай мен өмір сүру деңгейін арттыруға қабылетті экономикалық  және бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру;

                     -  тікелей және соңғы нәтижелерге жетуге бағытталған бюджетті атқарудың  айқындығын  қамтамасыз ету және қалалық коммуналдық меншікті тиімді басқару.
                   14. Міндеттері:
1) қалада мемлекеттік экономикалық саясатты жүзеге асыру («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 31-бабы, 1-тармағы,                                  1-8- тармақшасы);
2) әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту және қала тұрғындарының  әл-ауқатын арттыру («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы, 31-бабы, 1-тармағы, 1-8 тармақшасы; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығы, 1-бабы, 2-тармағы);
3) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын мониторингілеу, қаланың Даму бағдарламасын, бес жылғы мерзімдегі әлеуметтік-экономикалық Болжамды және үш жылғы мерзімдегі қаланың Кешенді жоспарын қалыптастыру арқылы экономикалық саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға ат салысу («Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы, 31-бабы, 1-тармағы, 1-8 тармақшасы);
4) инвестициялық белсенділікті арттыруға жағдай жасау («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабы, 1-тармағы,                               4- тармақшасы);
5) әртараптандыру мен бәсекеге қабылеттілікті арттыруды қамтамасыз ететін экономиканың басымды бағыттағы секторларын дамыту («Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 17-бабы,  2-тармағы);
6) экономика саласындағы  мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру («Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,17-бабы,                  3-тармағы);
7) нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығы, 1-бабы, 2-тармағы);
8) жергілікті деңгейде салықтық және қаржы-несиелік саясатпен әрекеттесіп  мемлекеттік бюджеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,61-бабы, 1-1-тармағы, 2-тармақшасы);
9) бюджеттің жоспарлау және игеру сапасын арттыру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  4-бабы, 12-тармағы);
10) бюджеттік мониторингті жүргізу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 112-бабы);
11) мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің жариялылығын және айқындығын қамтамасыз ету («Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 3-бабы);
12) қалалық коммуналдық меншікті тиімді пайдалану («Мемлекеттік мүлкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 18-бабы, 2-тармағы).     
15. Функциялары:
1) қаланың Даму бағдарламасын, бес жылғы мерзімдегі әлеуметтік-экономикалық Болжамын, үш жылғы мерзімдегі қаланың Кешенді жоспарын әзірлеу («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығы, 3.5-бабы,                        27-тармағы; Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 61-бабы,                            4-тармағы);

  •  бес жылғы мерзімдегі әлеуметтік-экономикалық Болжамның, үш жылғы мерзімдегі қаланың Кешенді жоспардың орындалу барысына бақылау жүргізу («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығы, 3.4-бабы,              23-тармағы; Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 61-бабы,                            4-тармағы);
  •  қаланың атқарушы органдарының мәліметтерін біріктіру арқылы қаланың Даму бағдарламасына мониторинг жүргізу («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығы, 3.5-бабы,  29-тармағы; Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрінің 2010 жылғы 01 шілдедегі №100 бұйрығы,  6-бабы, 70-тармағы);
  •  бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  32-бабы, 2-тармағы);
  •  экономикалық жағдайды, еңбек, капитал және тауар нарығының ахуалын талдау, реформалардың орындалу барысын бағалау және экономиканы дамыту  үшін жан-жақты шаралар қолдану («Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы, 31-бабы, 1-тармағы,                                   4-тармақшасы);
  •  қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын, стратегиялық және орта мерзімдегі даму жоспарларының жүзеге асу барысын мониторингілеу («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығы, 3.6-бабы,  40-тармағы);
  •  қаланың тиісті кезеңдегі экономикалық жағдайы туралы ақпараттар мен баяндамалар дайындау, экономика құрылымындағы үйлеспеушілікті айқындау және оларды жою жолдарын белгілеу («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 31-бабы, 1-тармағы,                               1-8- тармақшасы);
  •  басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қала кәсіпорындарының қаржылық сауықтандыру саясатын әзірлеуге қатысу («Мемлекеттік мүлкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 18-бабы, 25-тармағы);

        9) өз құзыреті шегінде қаланың өндірістік  және экономиканың басқа секторларындағы кәсіпорындар қызметіне мониторинг жүргізу («Жеке кәсіпкерлік туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы,17-бабы, 6-тармағы);
10) қаланың сыртқы және өңіраралық экономикалық байланыстарын дамыту бойынша стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыру («Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,17-бабы,   3-тармағы, 6-тармағы);
11)  бюджеттік жоспарлау үдерсіне әдістемелік жетекшілік ету (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  60-бабы, 3-тармағы);

  •  инвестициялық белсенділік шараларды, инвестициялық және инновациялық саясатты қалыптастыруды ұйымдастыру және үйлестіру («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 31-бабы, 1-тармағы,                               4- тармақшасы);

13) бюджеттік комиссия қызметін ұйымдастыру, бюджеттік комиссия отырыстарына мерзімі және күн тәртібіне сәйкес мағлұматтар дайындау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  57-бабы, 4-тармағы);
14)  2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясы, мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары, әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы және қаланың Даму бағдарламасы негізінде үш жылғы кезеңдегі қалалық бюджетті қалыптастыру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  64-бабы, 1-1-тармағы);
15) қалалық бюджеттен  қаржыланатын жергілікті  бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарастыру және олар бойынша қорытындылар дайындау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  68-бабы, 6-тармағы);
16) алдағы үш жылдық мерзімдегі бюджет жобасын, кірістер мен шығыстарды экономикалық негіздеу арқылы бюджетке өзгерістер мен толықтырулар жобасы әзірлеу және қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджеттік комиссия қарауына енгізу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  73-бабы, 1-тармағы; 109-бабы, 1-тармағы);
17) орта мерзімді кезеңге  жергілікті бюджеттің кірістерін болжамдау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  65-бабы, 1-1-тармағы);

  • тиісті үш жылғы кезеңге қалалық бюджет туралы қалалық мәслихат сессиясының шешімін жүзеге асыру жөніндегі қала әкімдігі қаулыларының жобасын әзірлеу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  79-бабы, 1-тармағы);

        19)  басымды бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  153-бабы, 7-тармағы);

  • бюджеттік инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысын мониторингілеу, іске қосылған  бюджеттік инвестициялық жобаларды бағалау және Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау Басқармасына есептемелер ұсыну (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  154-бабы, 1.1-тармағы; 157-бабы, 9-тармағы);

                21) бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асу тиімділігін бағалау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  112-бабы, 4-тармағы);
22) қала бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуын бақылау, оны ұлғайту бойынша  ұсыныстар мен іс-шаралар әзірлеу («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 24-бабы, 4-тармағы);
23) қалалық бюджетті атқару жөнінде жұмыстар ұйымдастыру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  82-бабы, 3-тармағы);
24) қалалық бюджеттің қаржылануын және түсімдердің жиынтық жоспарына әзірлеу, бекіту және өзгерістер енгізу(Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, 82-бабы, 4-тармағы);
25) бюджеттік несиелерді беру, қызмет ету, оларды есепке алуын, мониторингілеуін және заңнама аясында қайтарылуын қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, 82-бабы, 4-тармағы);
26) бюджеттік мониторингті жүргізу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 112-бабы);
27) қалалық бюджетті атқару жөнінде ұсыныстар беру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 82-бабы, 1-тармағы);      
28) бюджеттік есепке алуды және қалалық бюджеттің орындалуы бойынша есептемелерін, сонымен қатар заңнамамен бекітілген басқа да есептемелерді жүргізу (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы                  26 ақпандағы №220 қаулысымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесі»); 
29) бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджет атқарылуы жөнінде жалпы қорытындысын дайындау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  82-бабы, 7-тармағы);
30) түсімдердің болжамды көлемін ескере отырып бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдерің ай сайынғы кесетсіне белгіленген тәртіпте өзертулер енгізу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  85-бабы, 9-тармағы);
31) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын құрастыру, бекіту және жүргізу («Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесі», 16- бабы);
32)  бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бекітілген түсімдер жоспарын және мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған  тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатудан түскен ақша шығыстарына келісім беру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  102-бабы, 3-тармағы); 
33) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте  бюджеттік қаржыны басқару (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  101-бабы, 2-тармағы);
34) қаржыландыру жоспарларының  жылдық сомаларын ай сайын бөлуін жинақтау, талдау және бағалау, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен қаржыландыру жоспарларына өзгертулер енгізуін негіздеу, қаржыландыру жоспарарының орындалмау себептерін анықтау және бюджеттік бағдарламалардың орындалуына есеп беру арқылы  қалалық бюджет қаражатының игерілуіне мониторинг жүргізу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  112-бабы, 5-тармағы);
35) бюджет атқарылу кезінде бюджеттік бағдарлама тиімділігін бағалау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  113-бабы);
36) бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асу тиімділігін одан әрі арттыру, жүзеге асудың мақсатқа сәйкестігін немесе бюджеттік бағдарламаның жүзеге асуына бюджеттік қаражаттың қысқаруы жөнінде ұсыныстар дайындау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  110,113-бабтары);
37) бюджеттік несиелерді есепке алу, мониторингілеу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  198-бабы, 1-тармағы);
38) жергілікті атқарушы органның қарызын төлеуді және қызмет етуді қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 211-бабы);
39) бюджеттік қаражатты игеру мониторингісі аясында мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және мониторингілеу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 112-бабы, 5-тармағы);
40) қалалық бюджет есебінен қаржыланатын атқарушы органдардың штат санын және функцияларын талдау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  56-бабы, 4-тармағы);
41) қалалық коммуналдық меншікті басқарады және иелену, пайдалану бойынша, сондай-ақ қала әкімдігі белгілеген жағдайларда қалалық коммуналдық меншікті басқару, соның ішінде қалалық коммуналдық меншікте тұрған акционерлік қоғамдардағы акциялардың пакеттерін және шаруашылық серіктестіктеріндегі қатысу үлестерін басқару өкілеттігін жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы,             18-бабы, 2- тармағы) ;
42) қаланың  коммуналдық меншігін есепке алуды жүзеге асыру, түгендеу жүргізуі, белгіленген тәртіппен қалалық коммуналдық меншіктің тізілімін жасау (Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы 18-бабы, 10- тармағы);
43) өз құзыреті шегінде мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу («Мемлекеттік мүлкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 13-бабы,                  1-тармағы);
44) қалалық коммуналдық меншікке жататын мекемелермен және кәсіпорындармен мемлекеттік мүлікті басқару, тиімді және орынды пайдалану мәселелері бойынша жұмыстарды атқару (Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы, 10- тармағы);
45) қалалық коммуналдық меншікке жататын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікті бекіту (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы,                      18-бабы, 13- тармағы);
46) қалалық коммуналдық меншікке жататын заңды тұлғалар арасында мемлекеттік мүліктерді қайта бөлуді жүзеге асыру (Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы, 13- тармағы);
47) қалалық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген  негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру және есептен шығару мәселелері бойынша  келісім беру (Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы,             18-бабы,  13- тармағы);
48) қалалық коммуналдық меншікті ұйымдастыру және тиімді пайдалнуын бақылау (Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы,  10- тармағы);  
49) қалалық коммуналдық меншікке жататын және қалалық бюджеттен қаржыланатын жергілікті атқарушы органдардың пайдалану иелігіне берілген акциялар пакеті және қатысу үлестерін ұйымдастыру және тиімді басқаруын бақылау (Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы,           18-бабы,  2-тармағы);
50) қала әкімдігінің қарастыруына жекешелендіруге жататын қалалық коммуналдық меншіктегі нысандар тізіміне негіздемелер мен ұсыныстар енгізу (Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы,  18-бабы,  3-тармағы);
51) облыстық жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімімен жекешеленетін  қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімін алу (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы, 3-тармағы);
52) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізу (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы, 5- тармағы);
53) сенімгерлікпен басқарушының қалалық  коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауына бақылау жүргізу (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы, 23-тармағы);
54) қалалық коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқарудың шарттарына сәйкес сенім білдірген басқарушылардың өз міндеттемелерін орындау мәселесі бойынша есебін тыңдауды 9йымдастыру (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы, 23- тармағы);
55) қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы, 24-тармағы);
56) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру бойынша жұмыстар ұйымдастыру (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы, 13-тармағы);
57) бөлімге әкімдік шешімімен тапсырылған иелену мен пайдалану құқықтары бар акциялар және қатысу үлестер тиісті саладағы мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау және талдау (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы,               12-тармағы);
58) мемлекеттік мүлік уәкілетті органның келісімін жөніндегі қалалық коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қою немесе қайта бөлу жөнінде тиісті саланың уәкілетті органымен келістіруді ұйымдастыру (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы, 13-тармағы);   
59) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын, не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асыру (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы, 10-тармағы);
60) тиісті саланың уәкілетті органымен  қалалық коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды келістіру (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы, 7-тармағы);
61) қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы,                16-тармағы);
62) калалық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп мүліктік жалға берілген мүлікке талдау жасау (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы,  16-тармағы);
63) қалалық коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы, 22-тармағы);
64) қала әкімшілік шешімімен қалалық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз немесе кейіннен беру құқығымен сенімділік басқаруға беру (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы, 6-тармағы);
65) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы,  Қазақстан Республикасының өзге де заңдары, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілерінде белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлкі туралы» Заңы, 13-бабы, 5-тармағы);    
66) мемлекеттік мүлікті басқаруды талдау және бағалау, мемлекеттік мүлікті басқаруын шынайы талдау үшін  мемлекеттік органдар, акционерлік қоғамдар және мемлекеттік қатысуымен жауаптылығы шектеулі серітестіктерден  қажетті ақпаратты сұрату және алу (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлкі туралы», 13-бабы, 2-тармағы);
67) Бөлім құзыретіне енетін сұрақтар бойынша нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеу («Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 13-бабы, 3-тармағы);
                     16. Құқықтары мен міндеттері:

  • қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу («Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы, 31-бабы, 1-тармағы, 1-8-тармақшасы; Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,  61-бабы, 1-1-тармағы, 2-тармақшасы);
  • жергілікті атқарушы органдармен орта мерзімді жоспарларын, экономика саласындағы өңірлік, қалалық бағдарламаларын жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу («Жеке кәсіпкерлік туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы,17-бабы, 4-тармағы);
  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекет үлесі бар заңды тұлғалардан және басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу («Әкімшілік рәсімдер туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы,1-бабы, 2-1-тармағы);
  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік  үлесі бар кәсіпорындарды құру, қайта құру  және жою бойынша  ұсыныстар енгізу («Мемлекеттік мүлкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 18-бабы, 7-тармағы);
  • экономикалық сараптама өткізу және консультациялар алу үшін келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың мамандарын және тәуелсіз сарапшыларды қатыстыру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 154-бабы, 6-тармағы);
  • өз құзыреті шегінде қала әкімі орынбасарының келісуімен мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдау мағлұматтарды дайындау және ұсыну («Әкімшілік рәсімдер туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы,1-бабы,                 2-1-тармағы);
  • бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу барысы аясында  игерлену себебі көрсетілген және бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша ұсынысымен бірге ақпаратты қала әкімдігіне; барлық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне - бюджеттік қаражатты игеруді қаржыландыру жоспарынан қалып қою фактілері бойынша, жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық жоспарын қайта қарастыру қажеттілігі туралы - бюджеттік комиссияға ақпарат ұсыну (2009 жылғы                  26 ақпандағы №220 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесі»);
  • заңнамамен көзделген жағдайларда секвестр болжанған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асыруды тоқтату (2009 жылғы 26 ақпандағы №220 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесі»);
  • қалалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен келісіп, түсімдердің болжамдық көлемі ескеріліп, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асырудың айлық кестесіне өзгерістер енгізу (2009 жылғы 26 ақпандағы №220 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесі»);
  • қалалық коммуналдық меншікке иелік ету, пайдалану, сонымен қатар заңнамалық актілерімен бекітілген жағдайларда билік ету («Мемлекеттік мүлкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 18-бабы,                2-тармағы);
  •  Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген өзге де өкілеттіктерді атқару («Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы,                31-бабы, 2-тармағы).

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

          17. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функциялардың  орындалуына  жеке басымен жауапты  «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші жетекшісі басшылық етеді.
       18. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Балқаш қаласы әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. Бірінші басшы жұмыста уақытша болмаған жағдайда «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының уәкілетін орындау, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлғаға жүктеледі.
20. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттігі:
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тікелей Балқаш қаласының әкіміне бағынады;

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамана ережелерін сақтау жөнінде жұмыстарды  ұйымдастырады және  оның  келешекте жүзеге асырылуына жеке басымен  жауап береді;
  • жеке дара басшылық ету қағидалары бойынша іс-қимыл жасайды және бөлімнің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзыретінде және осы Ережеге сәйкес дербес шешеді;
  • бөлім атынан сенімхатсыз әрекет етеді  және барлық ұйымдарда оның мүдделерін білдіреді;
  • банкте есеп шоттарды ашады;
  • сенімхаттар береді;
  • бөлімнің іссапарлары, тәжірибелері,  қызметкерлерді Қазақстандық және шетелдік оқу  орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртібі  мен жоспарларын бекітеді;
  • бөлімнің бас мамандары және басқа қызметкерлерінің өкілеттерін белгілейді, бөлім қызметшілерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;
  • өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес  бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және жұмыстан босатады;
  •  заңнамамен бекітілген тәртіпте бөлім қызметкерлерін ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
  • бөлімнің актілеріне қол қояды.
  • Мемлекеттік органның мүлкі

 

   21. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен  қарастырылған тәртіпте  жедел басқару құқығында жекешеленген мүлкіге ие бола алады. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі меншікті иесімен тапсырылған мүлік, сонымен қатар өзінің меншікті қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да көздері арқылы сатып алынған мүлкі арқылы қалыптасады.
  22. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атына тіркелген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.
 23. Егерде  басқа түрі заңнамамен белгіленбесе, «Балқаш қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атына тіркелген мүлкіні немесе қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген  қаражат арқылы сатып алынған мүлкісін, өз еркімен жат етуге немесе басқа  жолмен жұмсауға құқығы жоқ.

  • Мемлекеттік органның жойылуы және қайта құрылуы

 

 24. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жойылуы және қайта құрылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылады.

        «Балқаш қаласының экономика және
қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме
басшысының міндетін атқарушы                                                З.Шлыкова


Дата редактирования: 15 Қазан 2019

Ауа райы

11°
В Балхаше: малооблачно, Влажность 66%, Давление 716, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 389.62
Euro 429.98
Рубль 6.06

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх