Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk


А УҒАН ӘСКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

АУҒАНӘСКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН  ЕСКЕРТКІШІНІҢ  СИПАТТАМАСЫ

 Ауғаныстанда  интернационалдық  парызын  атқарған  әскерлердің  ескерткіші,   биіктігі   5 метрден  астам , төбесінде екі бөлікке бөлінген символды қара қызғалдақ гүлі бар, бетоннан  дайындалған  стела болып   табылады.

Сол жақ бөлігінде –   үйінен , отбасынан, үлкен  Отанынан  айырған, жас  сарбаздардың өмірі  сияқты - жартастың  бөлінген  тілімі. Олардың  үстінде -  мәңгі  қатып  қалған -  әскери  тікұшақ.Қаза тапқандарға - мәңгілік даңқ!

Оң жағында  сол уақыттың қатаң  ақиқаты  - бұралаң  тау жолы, басында  бронетранспортеры бар жүк көліктері мен әскери техникалегінің тас тұғырда қатқан бейнесі ержүректілік, әскери борышжәне патриотизмді бейнелейді.

Ескерткіштің ортаңғы бөлігінде – Ауған  соғысына қатысқан  балқаштықтарға  арнап   ойып жазған   сөздері  бар   тас  плитасының  алдында  тізесін  бүккен - Советтік сарбаздың  бейнесі.

Барлық  ескерткіштің құрылымы жартас  сұлбасы түрінде, саябақ ішінде,  Балқаш  көлінің  аясында орналасқан,  ол   ҰОС ескертішімен  әдемі үйлесіп,   көптеген  қала қонақтарының және тұрғындарының алдында  әскери даңқ, айбындық саябағын құрап тұр.

 

Ескерткіштің авторы және орындаушысы  Бурмаганов Манарбек Жумабекович

Халықаралық конкурстардың қатысушысы және жеңімпазы,

Евразиялық дизайнерлер  одағының мүшесі


Дата редактирования: 18 Маусым 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх