Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Балқаш қаласының 80-жылдық мерейтойына арналған стелаға АННОТАЦИЯ

Балқаш қаласының 80-жылдық мерейтойына арналған стелаға

АННОТАЦИЯ

Балқаш қаласының 80-жылдық мерейтойына арналған стела оқ тәрізді сүйір төбесі бар үш қырлы призмаға орнатылып, тот баспайтын ақ түсті металлдан жасалған. Ақ түс және оқ тәрізділік – қарқынды дамуды, биік мақсаттарға талпынуды, өрлеуді білдіреді. Стеланың төбесіндегі шеңбер композициялы безендірілген эмблемамен әрленген. Эмблема ортасында, үстінде Шаңырақ бейнесі бар. Артқы планда Балқаш қаласының Мыс балқыту комбинатының кескіні көрсетілген. Эмблеманың оң жақ бүйірінде қазақтың аңыз жауынгері Ағыбай батырдың  бейнесі. Сонымен қатар, эмблеманың бос кеңістігі Балқаш көлі толқындарының стильді бейнесімен толықтырылған және композицияны шеңбер бойымен ұлттық ою-өрнек біріктіреді. Эмблеманың басым түстері – көк және сары. Стеланың оқ тәрізді бөлігінің үш жағынан эмблемадан негізіне дейін алтын түстес оюлы жолақтар жүргізілген. Стеланың алдыңғы жоғарғы бөлігіндегі көріністе стеланың «БАЛҚАШ» деген шрифті атауы ұсынылған. Шрифті композицияның астында, жұлдыздар бейнеленген, металлургияда қолданылатын стильдік кесек жасалған. Композиция бойынша ортадағы және негізгі жұлдыздың Қазақстан батырларының алтын жұлдыздарына іспеттес жеті ұшы бар, бұл металлургтердің ерен еңбегін білдіреді. Кесектен ағып жатқан металлда әр түрлі өлшемді жеті жұлдыз жарқырайды. Сонымен қатар, стеланың іргетасында жеті баспалдақ орнатылған. Қазақтар үшін жеті саны киелі: ол аптаның жеті күнін – әлемдегі уақыт бірлігінің шексіздігін білдіреді. Дәстүрге сәйкес, наурыз көже құйылған жеті кесе сыйлы ақсақал алдында тұруы керек.Осы мерекеде әрбір қазақ жеті үйге барады және жеті қонақ шақырады. Осы мерекенің басты тағамдарының бірі Наурыз көже. Наурыз көже міндетті түрде өмірдің 7 элементінің символын білдіретін 7 дәмнен тұрады. Олар: су, ет, тұз, май, ұн, дәнді дақылдар, (күріш, жүгері немесе бидай) және сүт. Бұлар: қуаныш, сәттілік, даналық, денсаулық, әл-ауқат, жылдамдық, өсім және құдайдың қорғауын бейнелейді. Кесектің өзі Балқаш қаласының қала түзуші металлургия кәсіпорыны, 1937 жылы КСРО кезінде ашылған мыс балқыту комбинаты екенін көрсетеді. Стеланың сол және оң жақ негізінде  Балқаш қаласының күнделікті тіршілігімен байланысты тақырыптық композициялық барельфтер орындалған. Сол жағында негізгі композициялық сәт – Балқаш қаласының негізі қаланған жыл – 1937 санын металлургтың құйып жатқаны бейнеленген. 1937 жылдың 11-ші сәуірінде - ҚазКСР Орталық атқару комитетінің Президиумының қаулысымен Прибалхашстрой қонысы Балқаш қаласына ауысты. Екінші планда  металлургтер буынының сабақтастығын көрсететін ардагер-металлургтің қимылын бақылап тұрған жас металлург бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бұрышындағы композицияда Ұлы отан соғысы жылдарында фашизмді жеңуге үлес қосқан тылдағы еңбеккер әйелдер көрінеді. Соғыс жылдарында  тек мыс зауытының өзіне жұмыс істеуге 2875 әйел келді. Балқаш зауыттарынан шығарылған әрбір екінші оқ, снаряд - Балқаш қаласының тыл еңбекерлерінің еңбегі. Барельеф композициясын киіз үй және артқы пландағы әртүрлі элементтер толықтырады. Барельефтің оң жағында балық аулап жатқан балықшы бейнесі суреттелген. Балқаш көлінде өнеркәсіптік балық аулау 1929-30 жылдары басталды. Жоғарғы бөлігін  әр адамның баспанасы мен отбасы үшін еңбектеніп жүргенін білдіретін бейне -  әйел ана мен баланың композициясы безендіріп тұр.  Композицияны түйе бейнесі және әр түрлі  киіз үй элементтері толықтырып тұр. Стела негізінің түстік гаммасы қала дамуының негізділігін және оның  беріктігін айқындай түсетін қоңыр-бронза түстес етіп орындалған.

 

Авторлық ұжым: Комутов Жанат Какенович

ҚР Мәдениет саласының үздігі

Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі 

ҚР суретшілер одағының мүшесі

Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі

РФ кәсіби суретшілер одағының мүшесі

 

Балабеков Каныш Аманжолович

 ҚР суретшілер одағының мүшесі

Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі


Дата редактирования: 22 Сәуір 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх