Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

ЧАЭС АПАТЫНЫҢ САЛДАРЫН ЖОЮШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШТІҢ СИПАТТАМАСЫ

ЧАЭС  АПАТЫНЫҢ САЛДАРЫН ЖОЮШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШТІҢ СИПАТТАМАСЫ

ЧАЭС апатының салдарын жоюшыларға арналған ескерткіш бейнесі биіктігі 5м. тұратын бетонды стела.

Ортаңғы бөлігінде – апат салдарын жоюға жүрек әмірімен және елі үшін өз еркімен аттанған Совет адамдары, оның ішінде Балхаштықтардың да алып күшімен қалпына келтірілген Атом электр станциясы ғимаратының барельефі.

Алдыңғы жағында: өкінішке орай радиация енуінен қорғай алмайтын арнайы киім мен бетперде киген, өздеріне төнген қауіпті түсінсе де, кезекшілікке  кетіп бара жатқан адамдар бейнеленген.

АЭС ғимаратының алдынан  қираған  атом реакторының үстіне орнатылған арканы көреміз. Саркофак символын білдіретін ғимарат ядролық қауіптің дүние жүзіне таралуынан қорғайды.

Аркада қонып отырған ақ құс бейнесі өмір мен тазалықтың символы. Қабылданған шаралар мен апат салдарын жоюшылардың ерен еңбегінің арқасында саркофак артындағы өмір қатерлі радиациядан таза. Ақ пен қара түс аясында Қазақстан үкіметінің қазіргі заманның ең алапат апатының салдарын жоюшы қаһармандарын марапаттаған Чернобль ардагерлерінің медальі ерекшеленеді.

 

Ескерткіштің авторы және орындаушысы 

Бурмаганов Манарбек Жумабекович – суретші мүсінші.

Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі.


Дата редактирования: 16 Қазан 2019

Ауа райы

10°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 83%, Давление 708, ветер 12 м/с

Валюта курстары

USD 389.59
Euro 429.06
Рубль 6.05

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх