Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk


Бөлімнің ережесі

«Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер

1. «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
1) «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) «Балқаш саңыраулар клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
3) «Балқаш қаласының тарихи-өлкетану мұражайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
4) «Тілдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) «Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
3.  «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, бекітілген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.
8. «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері - Қазақстан Республикасы, 100300, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Ш.Уалиханов көшесі, 5.
10.  Мемлекеттік органның толық атауы – мемлекеттік тілде: «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.ъ
Орыс тілінде: Государственное учреждение «Отдел культуры и развития языков города Балхаша».
11.  Осы Ереже «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12.  «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13.  «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.


2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мәдениет және тіл саясаты саласында сапалы және қол жетімділік қызмет көрсету, қазіргі заманғы мәдени және толерантты тілдік ортаның, сонымен қатар қала тұрғындары мен азаматтардың әлеуметтік сенімін қалыптастыруын қабілеттендіру.
15. Міндеттері:
1) қаланың мәдени ұйымдары, мекемелері, кәсіпорындары жүйелерін және тіл саясатын құру, сақтау және одан әрі дамыту («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4 бабы, 2 тармағы және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25 бабы, 3 тармағы);
2) қаланың мәдени ұйымдары, мекемелері, кәсіпорындары жұмыстарына басшылық жасап, оларға әдістемелік және іс-тәжірибелік көмекті қамтамасыз ету, олардың жұмыстарын ретке келтіріп отыру («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4 бабы, 6 тармағы);
3) қалалық, облыстық байқауларға, фестивальдерге қатысып, жоғары көрсеткіштерге ие болып жүрген жас таланттарды табуға және қолдау көрсетуге ықпал ету («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4 бабы, 7 тармағы);
4) ұлттық өнер мен халық шығармашылығын  дамыту және қолдау («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабы, 7 тармағы);
5) қаладағы тіл жағдайына талдау жасау («Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 25 бабы, 3 тармағы);
6) барлық ұлттардың тілін, салт-дәстүрін дамыту бойынша ісшаралар ұйымдастырып өткізу («Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17 бабы);
7) мүгедектердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру, мүгедектердің халықтық шығармашылығын дамытуға қажетті жағдайларды жасау және мүгедектер демалысының жаңа формаларын енгізу («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы);
8) өз құзіреті шегінде қалалық мәдени нысандардың күрделі және ағымдық жөндеулеріне байланысты сұрақтарының шешімін табу («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабы, 7 тармағы);
9) 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының, 2001 жылғы 1 наурыздағы «Тарихи-мәдени мұраларын қорғау» туралы қаулысының орындалуын, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету сұрақтарында мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктермен өзара жұмыс жүргізуін қамтамасыз ету;
10) меншік формасына қарамастан, мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, кәсіпорындарға Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда, әр жастан құралған топтарға мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыруда практикалық көмек көрсету («Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25 бабы, 5 тармағы);
11) меншік формасына қарамастан, мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, кәсіпорындарға 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл  туралы» Заңының талаптарына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпараттарды рәсімдеуге өз құзіреті шегінде көмек көрсету («Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21 бабы);
12)  қала әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру («Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-1 бабы).

16. Функциялары:
1) Бөлімнің функциялары:
1) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы, 7 тармағы және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25 бабы, 1 тармағы);
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетті қалыптастыруды және оны мақсатты қолдануды, мәдени кәсіпорындарының, мекемелерінің ақылы қызмет көрсетулерін бақылау («Қазақстан Республикасы бюджеттік кодексінің 75 бабы);
3) мәдениет мекемелерінің негізгі қызметін, мәдениет және тіл саясаты саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруға бағытталған қаражаттардың жұмсалуына бақылау жүргізу («Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексі);
4) мәдениет мекемелерінің тұрғындардың демалысын ұйымдастырудың әр түрлі формаларын одан әрі қамтамасыз ету бойынша жұмыстарына бақылау жүргізу («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабы, 1 тармағы);
5) тіл заңнамасын орындау, мемлекеттік тілді насихаттау және дамытуға бағытталған мәдени-көпшілік ісшараларды дайындау және жүргізу сұрақтарында басқа да мемлекеттік мекемелермен жұмыс істеу («Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-3 бабы, 2 тармағы);
6) уәкілетті органға коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызмет нысаны мен мақсатын анықтау бойынша коммуналдық мүлікті басқару туралы, сонымен қатар  осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның (шаруашылық жүргізу немесе қазынашылық кәсіпорын құқығында) түрін анықтау бойынша ұсыныстар беру («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабы, 6 тармағы);
7) коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін қолдану мен сақтауға және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының дамыту жоспарының орындалуына бақылау жүргізуді іске асыру («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабы, 6 тармағы);
8) коммуналдық мемлекеттік мекемелердің Жарғыларын (Ережелерін) бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу («Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының Заңы);
9) коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарын бекіту («Қазақстан Республикасы бюджеттік кодексінің 85 бабы, 1 тармағы);
10) коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органның келісімімен коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды іске асыру («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы, 8 тармағы);
2) ведомстволардың функциялары:
1) демалыс саласының дамуына ықпал ету, әр түрлі деңгейлі тұрғындарға арналған мәдени-сауық жұмыстарын түрлендіру («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы);
2) халықтық көркемөнерпаздар шығармашылығының дамуына ықпал ету («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы);
3) халықтық кәсіпшілік, қолөнер, фольклордың қайта жаңғыруына және дамуына ықпал ету («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы);
4) мәдени көпшілік ісшаралардың қалалық деңгейде өткізуге ықпал ету («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы);
5) тарихи-мәдени мұраны есепке алу, сақтау және қолдану жұмыстарын ұйымдастыру («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25 бабы);
6) мемлекеттік тіл саясатын, тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру («Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-3 бабы);
7) этно-мәдени орталықтардың қатысуымен ісшаралар жүргізуге ықпал ету («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы);
8) облыстық тарихи-мәдени мұраларының жалпыға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету, нарықтық экономика жағдайында ұлттық тарихты білуге, тарихи білім және өлкетану арқылы қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25 бабы);
9) бекітілген заңнамалық ретпен мемлекетік сатып алуларды іске асыру;
17.  Құқықтары мен міндеттері:
1) өз қызметін орындауға қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан бекітілген тәртіпке сәйкес сұратуға, бөлімнің құзіретіне жататын сұрақтарды дайындау және мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру шеңберіндегі ісшараларды жүргізуге мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерінің қатысуын ұйымдастыруға («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25 бабы);
2) қала әкіміне мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік орган қызметін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар беруге, бөлімнің жүргізуіне жататын сұрақтар бойынша ақпараттық-аналитикалық және басқа да материалдарды дайындауды іске асыруға («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25 бабы);
3) меншік формасына қарамастан,  мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіпорындармен тіл заңнамасын орындау сұрақтарында, мемлекеттік тілді насихаттау мен дамытуға бағытталған   мәдени-көпшілік ісшараларды дайындау және жүргізуде өзара қызмет етуге («Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25 бабы, 1 тармағы);
4) тіл саясаты және мәдениет сұрақтары бойынша семинарлар, кеңестер, конференцияларды ұйымдастыруға,  қала, облыс және республика деңгейіндегі әр түрлі мекемелердің, органдардың, қоғамдық бірлестіктердің осы сияқты  форумдарына қатысуға («Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы, 2 тармағы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-3 бабы);
5) бекітілген тәртіпке сәйкес тұрғындардың хаттары мен шағымдарын қарастыруға, жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруға («Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабы);
6) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын, Президент Жарлықтарын, Үкімет қаулыларын, осы сұрақ бойынша қала әкімінің шешімдері мен өкімдері негізінде және орындау мақсатында бұйрықтар, нұсқаулықтар және басқа да актілерді шығаруға («Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы).

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жоғары тұрған орган «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20.  «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – бөлім) бірінші басшысының өкілеттілігі:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды ұйымдастырады және оны жүзеге асыруда дербес жауапкершілік артады;
2)   бөлімнің қызметін басқарады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілік артады;
3) бөлім қызметкерлерінің арасында функционалдық міндеттемелерді бөлуді іске асырады;
4) бөлімнің құрылымдық  бөлімшелерінің Ережелерін бекітеді, олардың қызметтерін және құзіретін айқындайды;
5) бөлімнің құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекеттестігін реттейді;
6) кадрларды орналастыруды жүргізеді әрі бөлім аппараты мен оның жүйелерінің құрылымы және штаттық кесте бойынша ұсыныстар енгізеді
7) бекітілген кадр саны, еңбек ақы қоры шеңберінде бөлім аппараты мен оны жүйелері бойынша штаттық кестені бекітеді;
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қала әкімдігінің шешімдері, өкімдерінің орындалуын бақылауды іске асырады;
9) өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
10) стратегиялық және ағымдық жоспарларды бекітеді;
11) бекітілген заңнамалық тәртіпке сәйкес бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;
12) бекітілген заңнамалық тәртіпке сәйкес бөлім қызметкерлерін   көтермелеулерді іске асырады;
13) мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
14)  заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді  жүзеге асырады  асырады.
«Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

21. «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

23. «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) «Балқаш саңыраулар клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
3) «Балқаш қаласының тарихи-өлкетану мұражайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
4) «Тілдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) «Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.


 


Дата редактирования: 19 Маусым 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх