Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Бөлімнің ережесі

«Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1.     Жалпы ережелер

 

1.«Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекеме тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.«Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінін ведомстволары жоқ.

3.«Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4.«Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы белгіленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған  табандары  белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде шоттары болады.

5.«Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6.«Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
         7.«Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8.«Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9.Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 100300 Балқаш қаласы, Уалиханов көшесі,3.

10. Тұрғын үй инспекциясының толық атауы:

мемлекеттік тілде - «Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде – Государственное учереждение «Отдел жилищной инспекций города Балхаш»

11. Осы Ереже «Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшылық құжаты болып табылады.

12. «Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бөлім қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

13.«Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға қатысуға тыйым салынады.

 Егер Тұрғын үй инспекциясына Қазақстан Республикасының заңнамасымен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

 

 

2.     Тұрғын үй инспекциясының міндеті және құқығы қызметі, негізгі мақсаты, миссиясы.

 

14. «Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады   

15. Міндеттері:

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» заңының 41-1 бабы,41-2 бабының 1 тармағына сәйкес Тұрғын үй инспекциясының негізгі міндеті кондоминиумге қатысушылардың ортақ мүлкіне тұрғын үй инспекциясының лауазымды тұлғаларының тексеру жүргізу арқылы тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылау жүргізу болып табылады.

1.кондоминиум объектісің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;

2. кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;

3. тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;

4. тұрғын үй қорының жағдайына мониторинг жүргізу;

5. кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;

6. кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;

16. Функциялары:

.«Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» заңының 41-2 бабының 2 тармағына сәйкес өзіне бекітілген өкілеттіктерге сәйкес төмендегі функцияларды атқарады.

1) кондоминиум объектісінде және үй  маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін дұрыс күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын бақылайды;

2)тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттағы) үй-жайларды қайта жайластыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу нормалары мен ережелерін сақтайды;

3) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуын бақылайды;

4) кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп ұсау мен жөндеу  бойынша жұмыстардың  уақытында орындалуын бақылайды;

5) тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

6) анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі қабылданған шешімдерді және  нұсқамалардың орындалуын бақылайды;

7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады.

8) Тұрғын үй инспекциясы тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды), үй маңындағы аумақты күтіп-ұстау және коммуналдық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды), үй маңындағы аумақты пайдаланатын азаматтарға консультациялық көмек көрсетеді.

17. Құқықтары мен міндеттері:

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» заңының 41-1 бабының 3 тармағына сәйкес:

1) тексеруді жүргізу уақытында қызметтік куәлікті көрсетіп тексерілетін объектіге  баруға;

2) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеруге  жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысуға міндетті;

3) уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысына кооператив басқармасының төрағасы қызметіне кандидатура ұсынуға;

4) Тексеруді «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының   2011 жылғы  6 қаңтардағы Заңына сәйкес жүргізуге;

5) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;

6) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;

7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасауға;

8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығаруға құқылы;

 

 

3.      «Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

18.«Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19.«Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Балқаш қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20.«Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметен босатылатын орынбасарлары болады.

21.«Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:

1)тұрғын үй инспекциясының басшысына жүктелген міндеттерді орындау және олардың өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады, тұрғын үй инспекциясының атынан іс-қимыл жасайды, барлық кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде мүддесін көздейді, мүлікке иелік етеді, шарттар (келісімшарттар), оның ішінде еңбек шарттарын жасайды, сенімхат береді, банктерде шот ашады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.

2) бастық тұрғын үй инспекциясына жүктелген міндеттерді орындау және олардың өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады, тұрғын үй инспекциясының атынан іс-қимыл жасайды, барлық кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде мүддесін көздейді, мүлікке иелік етеді, шарттар (келісімшарттар), оның ішінде еңбек шарттарын жасайды, сенімхат береді, банктерде шот ашады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

3) Бастық өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және Тұрғын үй инспекциясының барлық қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар  береді;

         4)Бастық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің орынбасарларын, Тұрғын үй инспекциясының қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан  босатады;

5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұсау ережесін  сақтауды бақылау бойынша тұрғын үй инспекциясының негізгі жұмысын ұйымдастырады;

6) Тұрғын үй инспекциясы инспекторларының жұмысына мерзімдік тексеру жүргізеді;

7) Тұрғын үй инспекциясы кадрларының біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

8) Тұрғын үй инспекциясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс үшін дербес жауапкершілікте болады;

9) Тұрғын үй инспекциясының қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

10) Тұрғын үй инспекциясының қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады;

22.Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23.«Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

 

 

4.      Тұрғын үй инспекциясының мүлкі

 

24.«Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларға жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. «Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген
мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25.«Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

 

5.      Тұрғын үй инспекциясын қайта ұйымдастыру және тарату

 

27.«Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қайта құрылуы мен ыдырауы Қазақстан Республикасының заннамасымен жүзеге асырылыды.


Дата редактирования: 19 Қазан 2019

Ауа райы

В Балхаше: пасмурно, Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 389.98
Euro 434.01
Рубль 6.10

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх