Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Балқаш қаласының 2018 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Балқаш қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы тұрақты және динамикалы қалпында, бұған куә ағымды жылдың 1 тоқсан қорытынды жұмыстары. 

Жалпы ЖӨӨ индекс құрастырушы көрсеткіштері орындалды. Қаланың меншікті салмағы облыстың ЖӨӨ орташа 14% құрайды.

Қаланың өндіріс кәсіпорындарымен 135,7 млрд.теңге сомасында өнім өндіріліді, нақты көлем индексі 110,1% деңгейінде қалыптасты, оның ішінде өңдеуші салада 114,3%, кен өндіру өнеркәсібі – 97,8%.

Өндіріс өнімінде 78,1% үлес өндеуші өнеркәсіп саласында.

Өткен кезенде кең өндіру көлемі 80,4% ұлғайды, сонымен қатар, мыс концентраты 3,7% төмендеді, мыс мыстын ішіндегі концентрат 19,7% төмендеді себебі өндіріс бойынша қолданыстың төмендеуі.

Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда алтын -39%-ға, болат құю қызметі - 2%-ға, бу, ыстық су (жылу энергиясы) -1,2%-ға, электр қуатын өндіріп шығару өткен жылдың деңгейінде тұрақталды.

Шикізат құрамында бағалы металдың аз болуына байланысты күміс шығару 10%-ға төмендеуі байқалады. «Шығыстүстімет Корпорация Қазақмыстан» «БТМ» ӨБ-не   шикізатты жеткізудің азаюына байланысты тазартылған мыс шығару көлемі - 1%-ға төмендеді, сондай ақ, мыс өндірудің төмендеуіне байланысты күкірт қышқылы – 2,7%- ға.

 «Қазақмыс» Корпорациясы кәсіпорынның көлем үлесіне 93,2%-ға келеді, басқа өндіріс кәсіпорындарының жалпы өндіріс өнімі – 8 694,7 млн. тенгені немесе 6,8% құрады.  2017 жылдың кезеңімен салыстырғанда басқа өндіріс кәсіпорындары өнімінің үлесі 8%-ға ұлғайды.  

            Индустриализация картасы жобаларының көлемі 6 055,3 млн. тенге млн. теңге немесе барлық өнеркәсіп өнімдерінің көлемінен 4,7%, бұл өткен жылдың кезеңі деңгейінен 2%-ға артты.

            Қала кәсіпорындарымен негізгі капиталға 1 730,9 млн.теңге инвестиция салынды немесе 71,7% құрады. Инвестиция құрамына тау-кен және өңдеуші өнеркәсібіне тиесілі 67,5% көлемі құрайды.

Бөлшек сауданың айналымы 6 050,3 млн. теңге немесе өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 103,5% құрады.

            Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы өнімі 88,9 млн. теңгеге өнім шығарылып 2017 жылдың деңгейімен салыстырғанда 101,1% құрады. Шаруа қожалықтары мен қосалқы шаруашылықтарда мал мен құс етінің барлық түрлерінің өнімі (1,8%), сүттің сауып алынған көлемі (0,7%) артты. Жұмыртқа өнімі 1,3%-ға төмендеді. Ауыл шаруашылық өнімінің өсуі шаруа қожалықтарымен қамтамасыз етілді.

2018  жылдың наурызында 7 азық-түлік атауы бойынша 2,3% дан 27,8%-ға дейін бағалардың өсуіне жол берілді, оның ішінде: сары май - 9%, айран (2,5%)- 2,5%, жуа -27,8%, сәбіз - 2,3%, кортоп - 12,3%, қызылша – 3,4%, қырық қабат - 22,8%.

Азық – түлік бағамының төмендеуі 6 атауы бойынша байқалады: күріш 2% (1 сұрыптағы ұн 2,6%, қарақұмық 13%, жұмыртқа 4%, қант ұнтағы 1,8%, күнбағыс майы 1,7%.

Бір деңгейде - 6 атауы: сиыр еті, тауық еті, ірімшік, рожки, нан, сүт 2,5%.

Қала тұрғындарын ауыл-шаруашылық өнімдерімен және нарықтағы бағадан төмен бағамен қамтамасыз ету мақсатында апта сайын сенбі күндері ауыл-шаруашылық жарменкесі жүргізіледі; ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 7 жәрменке жүргізілді, онда: 51,5 тонна ет, 3,4 тонна балық өнімі, 2,5 тонна бакалея өнімі, 1,75 тонна сүт өнімі және тағы басқа азық – түлік өнімдері жалпы соммасы 97,4 млн. теңгеге жүзеге асырылды. Орталық базар және қаланың басқа сауда нүктелеріне қарағанда бағалар 10-15% төмен.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 175,7 млн. тенгені құрады, немесе өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 16,3% құрады.

Негізгі құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың 2 тоқсанында қарастырылған.

2018 жылдың жоспар тапсырмасы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі үй-құрылысы бойынша, коммуналды меншік нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары бюджеттік инвестициялық жобалар арқылы орындалып қамтамасыз етіледі, сондай ақ, қаладағы өндірістік кәсіпорындағы технологиялық құрылғы жұмыстары, қаланың өндірістік кәсіпорнындағы ғимараттар, оның ішінде Корпорация Қазақмыс.   

Тұрғын-үй құрылысын іске қосу бойынша ағымдағы жылдың 1 тоқсанда бар-жоғы  172 ш. кв.м тұрғын үй іске қосылды немесе 2017 жылдың деңгейімен салыстырғанда 59,7% құрады.

2018 жылдың жоспар тапсырмасы бойынша 11 404 ш. кв.м көлемінде анықталды. Бұл, Қонырат шағын мөлтек аудандағы 48 пәтерлі 2 тұрғын үйлердің қайта қалпына келтіру жұмыстары (2 үйдің жалпы аумағы 4140 ш. кв.м), тұрғын үй құрылыс жинағы бойынша №10 шағын аудандағы 45 пәтерлі 2 тұрғын үйлер №20, 21 құрылыс жұмыстары (2 үйдің жалпы аумағы 5 329,6 ш. кв.м) және жеке тұрғын үй салу есебімен орындалады.    .          2018 жылдың 1 сәуір жағдайы бойынша шағын және орта бизнес субъектілері 4084 бірлікті құрады немесе 32 бірлікке азайып 2017 жылдың деңгейіне салыстырғанда 99,2% құрады (4116 бірлік), оның ішінде заңды тұлғалар – 470 бірлік., ЖК – 3582 бірлік, 27 шаруа (фермерлік) қожалығы.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің азаю себебі жою және қайта тіркеу бойынша енгізілген процедуралар жеңілдетілді. 

           Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 3,4 млрд.теңгеге өнім өндіріліді, немесе 2017 жылғы деңгейімен 117% құрады.

           Экономика саласында жұмыс жасайтындар саны 12705 адам, немесе өткен жылдың   денгейіне 100,8% құрады.

ЖКБ2020 бірыңғай бағдарламасы аясында 29 жоба жүзеге асырылуда, несие қаражаты  пайыздық мөлшерлеме көмек қаражат сомасы бойынша 1 853 млн.теңге және 16 гранттық жобамен 47 млн. тенге.

Қала бюджетіне 1 257,1 млн.теңге қаражат түсті, немесе жоспар бойынша 115,9%. Қала бюджетінің орындалу шығысы бойынша жоспарға 100% құрады (жоспар – 1417,6 млн. теңге, орындалуы – 1417,4 млн.теңге).

2017 жылдың 1 сәуір жағдайы бойынша арнайы тіркелген жұмыссыздардың саны 156 адам немесе өткен жыл кезеңімен салыстырғанда 5 адамға ұлғайды. Жұмысқа орналасу бойынша 563 адам өтініш берді, олардың ішінен жұмысқа орналастырылғандар саны 522 азамат. Тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі және жалпы ықпал еткендердің саны өткен жылмен салыстырғанда 93%. Қоғамдық жұмысқа қатысқандар 130 жұмыссыз азаматтар немесе өткен жылдың кезеңімен 85,5% құрады.

01.04.2018 жылдың жағдайы бойынша базада кедейшілік шегінен төмен өмір сүретін аз қамтамасыз етілген обасылардың тіркелген саны 14 (64 адам).

            Әлеуметтік саласында 1 мен 6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен балалардың жалпы саны бойынша (4215 бала) 96,4% қамтылып 4062 баланы құрады, 3 пен 6 жасқа дейін -  100% .

           Мектепте оқу оқыйтындар саны 11067 адам. Қатысу саны есебіне 1 компьтерге 5 адамды құрайды. 

            2018 жылдың қаңтар - наурыз аралығында демографиялық көрсеткіштері жақсарып халықтың өсіп - өнуі 2% өсті (халық саны бойынша 1000 адамға 2017ж. қаңтар - наурыз –15,72 оқиға, 2018ж. қаңтар-наурыз– 16,03 оқиға), жалпы өлім-жітім көрсеткіші 15,2%-ға дейін өсті, (2017ж. қаңтар-наурыз – 10,48 оқиға,  қаңтар-наурыз 2018г. – 8,89 оқиға  халық саны бойынша 1000 адамға).

             Нәресте өлімі бойынша 2 оқиға тіркелді, перенаталды себебімен алдын-ала алу шарты есебімен көрсеткіш 4,8 коэфицентті құрады немесе өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 6%-ға ұлғайды.

2018 жылдың қаңтар – наурыз аралығында 191 қылмыс тіркелді (2017 жылдың кезеңімен 14 оқиғаға төмендеді), соның ішінде, ауыр және аса ауыр қылмыс – 28 оқиға немесе 2017 жылдың деңгейімен салыстырғанда 17,6% төмен (1 тоқсан 2017ж.-34 оқиға).   

Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу бір-шама төмендеді (тиісінше 01.04.17ж.– 82,8%, 01.04.2018ж – 71,4%).


Дата редактирования: 15 Қазан 2019

Ауа райы

11°
В Балхаше: малооблачно, Влажность 66%, Давление 716, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 389.62
Euro 429.98
Рубль 6.06

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх