Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

«Балқаш қаласының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы»

 «Балқаш қаласының  2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы»

  1. ӨНЕРКӘСІП

2016 жылғы қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жағымды динамикасы байқалады.
2016 жылы  өндіріс өнімінің 7,4%-ға өсуі, ауыл шаруашылығының 6,8%-ға артуы есебінен қала экономикасының өсімі байқалады. Қаладағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Қарағанды облысының ішкі өңірлік өнімі үлесінде Балқаш қаласына 19,3% тиесілі. ЖӨӨ құрамында өндіріс өнімінің үлесі 95%-ды құрайды.
2016 жылы тауар өнімі өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен есептегенде 366 175,2 млн. теңгені құрады. Өндіріс өнімінің НКИ 107,4% деңгейінде қалыптасты, бұл 2016 жылға жоспарлағаннан  6,4 пайыздық тармаққа жоғары.
«Қазақмыс Корпорациясы» балқаш алаңындағы кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуі, кәсіпкерлікті қолдау және индустриаландыру Картасының іске қосылған жобалары арқасында жағымды динамика қамтамасыз етілді.
Өткен кезеңде мыс концентратының өндірісі –12%-ға артты, тазартылған күміс – 66%-ға, алтын – 45,9%-ға, темір концентраттары  - 1,9%-ға, электрқуатын шығару – 20,1%-ға, табиғи ауыз су – 31,6%-ға.
Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мыс кенін өндіру көлемі 89,1%-ға төмендеді (Ванюков пештерін жөндеу жұмыстарын өткізу мерзімінің созылуына байланысты), күкірт қышқылын өндіру – 65,1%-ға (күкірт цехының жөндеу жұмыстарына тоқтауы); сүт өндірісі – 65,8%-ға (ұлғая түскен бәсекелестікке байланысты «Балқаш сүт» ЖШС өнімін сату нарығының қысқаруы, «Балқаш сүт» ЖШС өнімінің үлесі 60%-ды құрады, қалғаны Алматы, Қараганды, Қостанай, Петропавловск қалаларынан жеткізіледі).
«Қазақмыс Корпорациясы» кәсіпорындарына өндіріс өнімінің 87,3 % тиесілі, басқа өндіріс кәсіпорындарына– 7,3% (бұл 26 889,7 млн.теңге). Басқа өндіріс кәсіпорындарының өнім өсімі 2015 жылмен салыстырғанда екі есе артты.
Индустриаландыру Картасы кәсіпорындарының өндіріс өнімінің көлемі 24 036,1 млн.теңгені құрады, немесе жалпы өндіріс өнімінің 6,6%.

  1. НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА САЛЫНҒАН  ИНВЕСТИЦИЯЛАР

        Қала кәсіпорындарымен негізгі капиталға 16541,1 млн.теңге инвестиция салынды, бұл былтырғы жылдың 87,7% құрады.  Оның ішінде барлығы жеке меншіктегі инвестициялар  (16325,4 млн.теңге), бұл экономиканың одан әрі жетілдіруіне жақсы қадам. Инвестиция құрамында 75,4% кең және өңдеу өндірісне тиесілі.
Инвестициялардың жалпы көлемінде 85% «Қазақмыс Корпорациясы» кәсіпорындарының үлесіне тиесілі. 2016 жылы Корпорациясымен 13 млрд.теңге инвестиция игерілді, бұл 2015 жылғы деңгейден 3 млрд.теңгеге төмен. Қаланың басқа кәсіпорындары арқылы бұл көлемді жабу мүмкін емес, себебі бұл кәсіпорындардың қуаттылығы Корпорациядан әлде қайда төмен. Сонымен қатар, 2016 жылы  бюджеттік инвестициялар да болған емес.

 

  1. ТАУАРАЙНАЛЫМЫ

Бөлшек сауданың жалпы айналымы өткен жылмен салыстырғанда 20 284,3 млн. теңгені, немесе 99,5% құрады. Артта қалуышылық кішкене азайды, алайда 2015 жылдың деңгейіне қол жеткізілмеді. 2015 жылдың деңгейімен салыстырғанда төмендуі «Технодом» сауда үйінің сауда көлемінің азайуына байланысты.
Өткен жылы 20 жаңа сауда нысандары ашылды (17 азық-түлік дүкені, 3 кафе), 68 жаңа жұмыс орындары ұйымдастырылды, бұл ретте инвестиция көлемі 281 млн.теңгені құрады және  2,5 млн. теңгеден астам салық төлемдері түсті.

 

  1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

2017 жылдың 01 қаңтар күніне әрекет ететін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4 496 бірлікті құрады, немесе 2015 жылдың 97,8% (4598), оның ішінде заңды тұлғалар – 389 бірлік, ЖК – 4091 бірлік, 16 шаруа қожалығы.
ШОК-тің әрекет ететін субъектілерінің жалпы құрылымында заңды тұлғалар саны 13 бірлікке азайды немесе 3%-ға (жалпы саннан үлесі 8,7%) және шаруа қожалықтары 4,7%-ға (үлесі 7,9%). ЖК-нің  2,2% төмендеуі кәсіпорынды жою және қайта тіркеудің жеңілдетуіне байланысты (олардың үлесі  91% құрайды).
Жеке кәсіпкерлер санының азаю себептері келесі:
- кәсіпкерлік қызметті тоқтатудың жеңілдетілген тәртібін қолдану, осыған орай 2012-2014 жылдары берілген кәсіпкерлікті тоқтату бойынша 800 өтініштер қанағаттандырылды;
- қаржы нарығының тұрақсыздығы, сауда (ШОБ құрылымында 70%), құрылыс салаларында (10%) ЖК қызметіне әсерін тигізді, көтерме және бөлшек сауда  саласында тіркелген субъектілер саны 2715 бірліктен  2323 бірлікке азайды,  оның ішінде 65 заңды тұлғалар және 327 бірлік жеке кәсіпкер, құрылыс саласында тиісінше 51 бірлікке азаюы. Дегенмен, 2016 жылы жаңадан құрылған ЖК саны 547 бірлікті құрады.
Шағын және орта бизнес саласындағы өндірілген өнім, атқарылған жұмыс және көрсетілген қызмет көлемі 14064 млн. теңгені құрады, алдынғы жылғы деңгейдің 100,2% .
Экономиканың бұл саласындағы жұмысбастылардың саны 13133 адамды құрады, немесе алдынғы жылдың 100,1% .
2020 БЖК Бірыңғай бағдарламасы аясында 15 гранттық жоба және 430 жаңа жұмыс орынының ашылуымен 1264,4 млн.теңге несие қаражаты сомасына  пайыздық мөлшерді субсидиялау бойынша 19 жоба жүзеге асу барысында. Сонымен қатар, несие бойынша жалпы сомасы 98,9 млн.теңгені құрайтын пайыздық мөлшерді субсидиялау бағыты бойынша 2016 жылы 7 жоба мақұлданды:  «КазПрофСервис» ЖШС (коммерциялық мақсатта негізі құралдарды сатып алу және жөндеу», 18 млн.теңгеге фитнес орталықтың ашылуы, «КИК» ЖШС (автогрейдер сатып алу – 24,8 млн.теңге), ЖК Орлова (мейрамхана кешені құрылысының 2 кезеңі - 8,6 млн.теңге), «КИК»ЖШС (автоцистерна және прицепты сатып алу) 16,6 млн.теңге сомасында, ЖК Ахбетов Н.С. (негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, оның ішінде жылжымайтын мүлік) интернет-клуб ұйымдастыру мақсатында – 8,0 млн. теңге, «КИК» ЖШС - «Арнайы техниканы лизингке сатып алу (автотопливозаправщик КАМАЗ 6606-1213-62). Жоба құны 15,9 млн. теңге 2 жаңа жұмыс орыны ашылуымен, ЖК Васильева Я.А. – «Коммерциялық мақсатта негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу жұмыстары («Эдем» дүкенінің ғимаратын сатып алу). Жоба құны 7,0 млн. теңге 2 жұмыс орынының ашылуымен, 1 жұмыс орынын сақтап қалумен, мемлекеттік грантты алу бойынша 1 жоба (Саяқ кентінде ЖТО құрылысы), және шағын несиелеу бойынша                       4 жоба.

5. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ
Ауыл шаруашылық өнімнің жалпы көлемі 1 312,8 млн.теңгені құрастырды, 2015 жылдың деңгейіне 106,8% айғақты индекс көлемі мал шаруашылығы өнімінің артуы есебінен қол жеткізілді. Шаруа қожалықтары мен қосалқы шаруашылықтарда мал мен құс етінің барлық түрлерінің өнімі артты (148,8%), жұмыртқа өнімі (101,1%), сүттің сауып алынған көлемі (129,2%). Ауыл шаруашылық саласының жалпы өнімінің ұлғайюы шаруа қожалықтарымен қамтамасыз етілді.

6. БАҒАЛАР
2017 жылдың 01 қаңтар күніне қарсы 2015 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда орташа бағаның келесі өзгерістері тіркелді: азық-түліктің 3 түрі бойынша бағаның төмендеуі: күріш 4,4%-ға, 1 сұрыптағы бидай наны 13,7%-ға, пияз 8,7%-ға. Азық-түлік өнімдерінің 23 түрлері бойынша бағаның 2,2%-дан до 51,1%-ға дейін өсуіне жол берілді, оның ішінде: қарақұмық жармасы – 51,1%-ға (272-ден 411 теңгеге дейін), шай – 37,1%-ға (1637-ден 2245 теңгеге дейін), сұлы жармасы – 30,8%-ға (156-дан 204 теңгеге дейін), жұмыртқа – 28,5%-ға (246-дан 316 теңгеге дейін), қант –24,8%-ға (226-дан 282 теңгеге дейін), сары май – 19,8%-ға (966-дан 1157 теңгеге дейін), 1 сұрыптағы ұн – 19,2%-ға (104-тен 124 теңгеге дейін), қызылша – 19%-ға (116-дан 138 теңгеге дейін),  тауық еті – 17,9%-ға (720-дан 849 теңгеге дейін), майда жармасы – 16,7%-ға (138-ден 161 теңгеге дейін), тұз – 14,6%-ға (48-ден 55 теңгеге дейін), сиыр еті–  12,4%-ға (1108-ден 1245 теңгеге дейін), сұйық май – 10,5%-ға (427-дан 472 теңгеге дейін), қой еті – 6,1%-ға (1128-ден 1197 теңгеге дейін), 2,5% пастерленген сүт -  5,9% -ға (170-тен 180 теңгеге дейін), сәбіз - 5,7%-ға (87-ден 92 теңгеге дейін), вермишель - 6,1%-ға (223-тен 235 теңгеге дейін), 3,2% пастерленген сүт - 5,3%-ға (190-нан 200 теңгеге дейін), ірімшік – 4,9%-ға (1733-тен 1818 теңгеге дейін), рожки – 4,5%-ға (200-ден  209 теңгеге дейін), кеспе – 4,2%-ға (333-тен 347 теңгеге дейін), қырыққабат – 2,2%-ға (92-ден 94 теңгеге дейін). 2016 жылдың 01 қарашасынан бастап Қарағанды облысы өндірушілерінде жұмыртқаның көтерме сауда бағасы ұлғайды. Көкөніс өнімдері бағасының қымбаттауы нарыққа өнімнің тұтыну көлемінің азайюына байланысты (астықтың негізгі бөлігін қыстық сақтауға коюы). Жыл бойы инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша азық-түлік өнімдерінің көтерме жабдықтаушыларының қатысуымен штабтың 8 отырысы өткізілді;  тауар өндірушілер  және көтерме сауда жабдықтаушыларымен бағаны тежеу және ішкі нарықты қолжетімді бағадағы қажетті азық-тұлік өнімдерімен толықтыруы жөнінде меморандумдар жасалынды;  48 ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізілді. Қалаға Тұрақты қордан 12 тонна қант, 7 тонна  қарақұмық, 4,5 тонна сұйық май және 28 тонна көкөніс жеткізілді, және олар 2 коммуналдық дүкен (көкөніс), 2 әлеуметтік павильон (бакалея  және көкөніс), сонымен қатар қаланың жан-жақтағы 10 сауда орындарында сатылады.

  7. ҚҰРЫЛЫС
Құрылыс жұмыстарының көлемі 3 440,7 млн.теңгені құрады, немесе 2015 жылғы деңгейдің 55,4%, оның ішінде  құрылыс-монтаждық жұмыстар 2758,6 млн.теңгеге атқарылды (80%), күрделі жөндеу жұмыстары - 366,9 млн.теңге (11%) ағымды жөндеу жұмыстары - 315,1 млн.теңгеге (9%).  Құрылыс жұмыстары көлемінің былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеуі 2015 жылы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің балқаштық алаңындағы кәсіпорындарының негізгі жабдықтарына, БЖЭО жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарына және тұрғын үй құрылысына едәуір қаражат игерілгені, сонымен қатар 2016 жылы бюджеттік инвестициялық жобалардың болмауы себебін тигізді.
8. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ
Тұрғын үй құрылысы саласына 549 млн.теңге инвестиция салынды. 2016 жылы  Шашубай мөлтек ауданында 24 пәтерлі тұрғын үйдің іске қосылуы және жеке тұрғын үй құрылысы есебінен 5920 ш.м. тұрғын үй іске қосылды, дегенмен бұл 2015 жылдың 54,8% үлесі ғана құрады. Тұрғын үйді іске қосу бойынша былтырғы жылдың деңгейіне қол жеткізілмеуі 10-шы шағын ауданындағы 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға қаражаттың болмауы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаның жоқтығы себепші болып тұр.

9. ҚАРЖЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Кірістер бойынша бюджеттің орындалуы 100,7%  құрады (3 974,9 млн.теңге жоспар тұсында  4002,2 млн.теңге қаражат түсті).
Шығындар бойынша қалалық бюджеттің орындалуы жоспардың 96,7% құрады (жоспар– 6628,6 млн.теңге, орындалу – 6609,8 млн.теңге). Пайдаланылмаған қаражат қалдығы  18681,1 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
РБ – 18268,6 млн.теңге (ТКШ бөлімімен конкурстық рәсімдерді  мерзімінен кеш өткізуі және конкурстық рәсімдер бойынша үнемдеу);
ОБ – 0,3 млн.теңге;
0,1 млн.теңге (ЖБ) - соманы дөңгелектеу есебінен.

10. ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ
2017 жылдың 01 қаңтар күніне ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың саны 100 адамды құрады және  2016 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда18 адамға ұлғайды, бұл жұмыссыздарды тіркеудің жаңа қағидаларымен байланысты (2020 ЖҚЖК  бірге алынған мәліметтер).
2016 жылдың басынан бастап жұмысқа орналасу сұрағы бойынша 2301 адам хабарласты, оның ішінде «2020ЖҚЖК» бойынша - 838 адам. 2164 жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды, оның ішінде «2020ЖҚЖК» бойынша» - 496 адам. Жұмысқа орналасуға ниет білдіргендердің жалпы санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі 94% құрады.
Қоғамдық жұмыстарға 610 жұмыссыз қатысты.
Нысаналы топтағы тұлғалар үшін 54 әлеуметтік жұмыс орындары құрылды; «2020ЖҚЖК» бойынша» жастар тәжірибесіне  78  орта мамандырылған білім мекемелерінің түлектері жолданды; талап етілетін мамандар (автомеханик, жоңғыш, құрылысшы, электромонтер, аспаз және т.б.) бойынша оқытуға 189 жұмыссыз жолданды.
01.01.2017ж. күніне мәліметтер базасында кедейшіліктің шегінен табысы төмен 2 отбасы – 26 адам тіркеуде тұр.

11. БІЛІМ САЛАСЫ
Мектепге дейінгі ұйымдар жүйесі 24 мекемені құрайды, олар:
14 балабақша (3018 тәрбиеленуші);
Жалпы білім беретін он мектептер аясындағы 10 мини-орталықтар (1042 бала).
Мектепке дейінгі біліммен жалпы қамту саны 4060 адамды құрады,  баланың жалпы санынан қамту пайызы 96,4% ( 1-ден 6 жасқа дейін – 4210 бала),  3 жастан 6 жасқа дейін қамту пайызы - 100%. Мектептерде 11206 бала білім алуда. 1 компьютерге есептелетін оқушылар саны 5,5 адамды құрады. Жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен қамту үлесі 64%-ды құрады. Алайда, жазғы маусымда мектептер аясындағы лагерьлерде балалар мен жасөспірімдерді ыстық тамақпен қамтамасыз етудің төмен деңгейі белгіленген – 2500 адам немесе 23,4% (2015ж. – 4390 адам, немесе 41,1%).

12. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
2016 жылы демографиялық көрсеткіштер жақсарды: халықтың бала туу көрсеткіші 9,6%-ға ұлғайды (19,72) және облыстық көрсеткіштен жоғары (17,81), халықтың өлім-жетім көрсеткіші 7%-ға (9,61) төмендеді, халықтың табиғи өсу көрстекіші 32,1%-ға (10,11) өсті және облыстық деңгейден жоғары (7,98).
Түберкүлез ауруымен ауырғандардың саны 12,6%-ға (53,4) төмендеді, дегенмен көрсеткіш облыстық деңгейден әлі де жоғары (50,6).
Сәби өлімінің көрсеткішінің 16,7%-ға өсуі орын алды (2016ж. - 21 нәресте, 2015ж.- 17), сәби өлімінің коэффициенті орташа облыстық көрсеткіштен жоғары және 1000 тірі туған баланың 14,9 құрады (облыстық – 1000 тірі туған балаға 8,1).

13. ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚ
2016 жылы  867 қылмыс тіркелді, бұл 2015 жылғы деңгейден 14,1%-ға төмен, оның ішінде ауыр және өте ауыр – 99 жағдай, немесе 2015 жылғы деңгейден 13,2%-ға төмен. Жалпы саннан - 397 қылмыс әкімшілік полиция құзыретіне енеді, олардың саны 2015 жылмен салыстырғанда 9%-ға төмендеді (қоғамдық жерлерде – 164, көшелерде – 97, мас күйінде – 14, есірткі шеккен күйінде – 16,  кәмелетке толмағандармен – 9, бұрын да қылмыс жасағандармен – 88, отбасы-тұрмыстық жағдайда – 2, топта жасалынған қылмыс – 7).
Ауыр, өте ауыр және орта қатаңдағы қылмыстылық бойынша әшкерелеу көрсеткіші жетілдірілді (тиісінше 82,8%, 38,3%).

14. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ.
2016 жылдың қаңтар-желтоқсан мерзімінде экономика салалары бойынша, негізгі өнім шығару және кәсіпорындардың өндіріс бағдарламалары бойынша барлық жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілді.
2017 жылғы экономикалық өсім жөніндегі қалыптастырылған жоспарлары 2016 жылдың қол жеткізілген деңгейін ескере отырып,  ұлғайту мақсатында қайта қарастырылады.
Мемлекеттік органдар қызметін қорытындылай келе, жалпы жоспарлы индикаторлардың орындалуына қарамастан, қаламыз әлеуметтік-экономикалық динамикасы бойынша өз позицияларын едәуір төмендетіп, өңірлер рейтингісінде соңғы орынға ие болды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі, құрылыс жұмыстары, сауда, ешкі мал басы және тауық етінің көлемі төмендеді.  
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің әрекет ететін санының азайюы, тоқтап тұрған кәсіпорындар саны әлі де болса жоғары (142 бірлік),  бала өлімінің өсуі, тұрғын үйді іске қосу жоспарының орындалмауы және азық-түліктің 23 түрі бойынша бағасының өсуі сынға ұшырады.

 


Дата редактирования: 16 Қазан 2019

Ауа райы

10°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 83%, Давление 708, ветер 12 м/с

Валюта курстары

USD 389.59
Euro 429.06
Рубль 6.05

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх