Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk


Сауда-саттық өткізу туралы хабарлама

        «Балқаш қаласы экономика және қаржы бөлімі» ММ  2017 жылдың  16 мамырында Астана уақыты бойынша  сағат 11.00 қалалық коммуналдық меншік нысанын сату бойынша аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.
Аукционға  қойылады: тұрғын жай  емес ғимарат, жалпы алаңы 706,7 ш.м., 1979 жылы салынған, мекен-жайы  Балқаш қаласы, С.Мұхамеджанов көшесі, 20А үй,  басқару органы -«Балқаш қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ.
Жекешелендiру объектiсiнің  бастапқы (алғашқы) бағасы – 13 785 000 теңге
Кепілдік жарна мөлшері –2 067 750 теңге.
Жекешелендiру объектiсiнің  ең төменгі бағасы   -    6 892 500 теңге
Банктік деректемелер: Кепілдік жарна «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ есебіне төленеді БСН 050540004455 ЖСК KZ529261501102032004, БСК KZKOKZKX,  Банка аталуы «Казкоммерцбанк» АҚ,  ТТК:171,  БеК: 16.
Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді. (кепілдік жарнаның мөлшеріне банк қызметінің төлемі кірмейді).
Өтінімді қабылдау орны мен мерзімі: www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы.
Сауда – саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.
Сауда – саттықты өткізу тәртібі:
Ауционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, Тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail);
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-сы қойылған аукционға қатысуға өтінімді осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілім  веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Тізілім дерекқорында біріңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәлімет болған жағдайда, тізілім веб-порталында өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Тізілім дерекқорында біріңғай оператордың арнайы транзиттік  шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталында қатысушының өтінімі кері қайтарылады.
Қатысушының айтылған талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

Бағаны төмендету әдісін қолдану арқылы аукционды өткізу Ережесі

Бағаны төмендету аукционы:
      1) егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;
      2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.
      Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету аукционының жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;
      3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады.
            Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электронды хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні  тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Уалиханов  көшесі, 3 үй, 301/2 кабинет мекен-жайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.
Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың:
1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;
заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;
2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.
Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан және
8 (71036) 4-85-91, 4-38-63 телефондары арқылы алуға болады.


«Балқаш қаласының экономика
және қаржы бөлімі» ММ басшысы                                         З.Шлыкова
 


 


Дата редактирования: 18 Маусым 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх