Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk


Сумен жабдықтау жүйесін жөндеу жұмыстары бойынша аудит қорытындылары

Қарағанды облысы  бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен Бұқар-жырау ауданының сумен жабдықтау жүйесінің нысандарын ағымды жөндеу және қызмет ету жұмыстарына бөлінген бюджеттік қаражатың тиімді пайдалануына аудит жүргізілді.

2017 жылы Тапсырыс беруші тарапынан «Қарағанды облысының Бұқар-жырау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары» ММ және Орындаушы тарапынан «Ботақара су қожалығы» КМК арасында сумен жабдықтау жүйесін ағымды жөндеу және қызмет ету  жұмыстарын жүргізуге жалпы сомасы 24,0 млн.теңгені құрайтын келісім-шарт жасалынған.

Өткізілген аудит нәтижесінде 11,5 млн.теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды. Сонымен, «Ботақара су қожалығы» КМК-мен 5 нысанында сумен жабдықтау жүйесін ағымды жөндеу және қызмет ету  жұмыстары іс жүзінде жүргізілмеген, оның ішінде:

- 600,0 мың теңге сомасында Бұқар-жырау селосы, Центральная көшесі №12;

-  6000,0 мың теңге сомасында, Ботақара кенті, Төле би, Б.Момышұлы көшелері;

- 900,0 мың теңге сомасында Алғабас селосы, Центральная көшесі №16, Заречная көшесі, №13;

- 2000,0 мың теңге сомасында Ботақара кенті, Төле би көшесі; 

- 2000,0 мың теңге сомасында Тұзды с/о, Солонички станциясы, Центральная көшесі. 

Аудит материалдары бойынша Қарағанды облысының мемлекеттік кірістер Департаментімен қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

                                                       

Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті


Дата редактирования: 18 Маусым 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх