Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk


Құрылыс бойынша аудит қорытындылары

Қарағанды облысы  бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Сәтпаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік активтерді және бюджеттік қаражатты пайдалану барысына аудит жүргізілді. Аудит барысында Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген 2012-2020 жылдарға арналған Жезқазған, Сәтпаев қалалары және Ұлытау ауданының әлеуметтік-экономикалық даму Кешенді жоспарларына сәйкес «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС шахталар аймағына орналасқан Жезқазған, ГРП, Весовая, Крестовский және Перевалка кенттері тұрғындарын Сәтпаев қаласының №6 шағын ауданындағы бес қабатты көппәтерлі үйлер және №8 шағын ауданындағы коттедж типтегі тұрғын үй құрылысы есебінен тең бағалы тұрғын үйлерге көшіру мәселесі қарастырылған.

2017 жылы аталған іс-шараларға жалпы 10 454,4 млн.теңге сомасында бюджеттік қаражат бөлінген, алайда аталған жобаны жүзеге асыру барысында                    1 034,5 млн. тенге сомасында бұзушылықтар орын алған.

Мәселен, құрылыс Бөлімі мердігерлермен 219,9 млн.теңге сомасындағы                     7 келісім-шартты Қазынашылық басқармасында тіркемей тұрып азаматтық-құқықтық келісімдер жасасқан, яғни заңды күшіне енбей тұрып.

  Сонымен қатар, құрылыс мерзімінің де бірнеше мәрте бұзылғаны анықталды. Осыған орай, Сәтпаев қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы мердігерлерді мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушысы ретінде тану жөнінде сотқа шағымданбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атқарылған жұмыстар көлемін бақылаулы өлшеу нәтижесінде мердігерлерге төленген 112,96 млн.теңге сомасындағы құрылыс-монтаждық жұмыстары құнының асырып көрсетілгені белгіленді, оның ішінде «Aстана шанырақ-2030» ЖШС- 91,1 млн. тенге, ТОО «Тавис» - 21,8 млн. теңге.

Бұдан басқа, аталған мердігерлерге құрылыс бөлімімен атқарылмаған жұмыстарға сәйкесінше 352,4 млн. теңге және 349,2 млн. теңге қаражат негізсіз аударылған.

         «Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік активтерді және бюджеттік қаражатты пайдалану барысында жалпы 57,2 млн.теңге жалпы сомасында бұзушылықтар анықталды, онда Жезқазған қаласының Батыс тұрғын үй ауданыда ЖТҚ инженерлік желілердің құрылысы жобасы бойынша төмен тұрған жергілікті бюджеттен 43,2 млн.теңге көлемінде бюджеттік инвестицияларды бірлесіп қаржыландыру талабы сақталмаған, және бюджеттік бағдарламамен қарастырырлған нәтижелерге қол жеткізбеу салдарынан 2015 жылы  Гагарин көшесі,  70/1 орналасқан бес қабатты 30-пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бойынша 14,0 млн.теңге бюджеттік қаражаттың тиімсіз пайдалануына жол берілген.

 

                                                

Қарағанды облысы бойынша 

ішкі мемлекеттік аудит Департаменті


Дата редактирования: 18 Маусым 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх