Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk


Ақпараттық хабарлама

«Балқаш қаласы экономика және қаржы бөлімі» ММ  (Балқаш қаласы, Ш.Уалиханов көшесі, 3 үй) қалалық   коммуналдық меншік объектісін сату бойынша www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында аукцион өткізетіндігін хабарлайды.
Коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920  қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Аукционның өткізілу күні мен уақыты:  2018 жылғы  6 ақпан Астана қаласының уақыты бойынша  сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.
Сауда-саттыққа бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, ең төмен баға белгіленбей  аукционға шығарылады:
Теңгерім ұстаушы «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ. Мекенжайы:Қарағанды обл., Балқаш қаласы, Ш.Уалиханов көшесі, 3 үй. Тел. 8 (71036) 4-85-91, 4-38-63.
Жылжымайтын мүлік  (таратылған ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «АК-159/21 мекемесі» ММ объектілері мен құрылыстары), 1974 жылы салынған. Орналасқан жері:  Балқаш қаласы-4, Өнеркәсіп зонасы. Бастапқы (алғашқы) баға – 22 603 000 теңге, кепілдік жарна –3 390 450 теңге.
Назар аударыңыз! Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын сатып алушы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке төлейді. Анықтама үшін: 8 (71036) 4-97-53, 4-10-59.
  Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды
            Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына төленеді: Кепілдік жарнаны алушы - «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; Банк атауы- «Казкоммерцбанк» АҚ, ЖСК KZ529261501102032004, БСК KZKOKZKX,  БСН 050540004455,  КНП:171,  Кбе: 16, «Астана Банкі» АҚ: KZ914500339860000351, БСК: ASFBKZKA.
Назар аударыңыз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Ауционға қатысу үшін мыналарды:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін  нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
      Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі
Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Аукционды өткiзу кезiнде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады.
Бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукционды өткізу тәртібі:
           1)егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы  қағидаға сәйкес белгіленген қадамға азаяды;
      2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды
         Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету аукционының жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;
          3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады.
       Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды
Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.
Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:
1)  жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;
2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;
заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.
     Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

 


Дата редактирования: 18 Маусым 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх