Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Архив


2016 жылы жергілікті арқарушы органдармен
көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
ақпарат

         Мемлекеттік басқаруды дамытудың басты бағытының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің жұмысы мемлекетттік қызмет көрсетудің    тиімділігін арттыруға бағытталады.
Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарылату бойынша жұмыстар Конституцияға және ҚР  Заңдарына, Президенттің және Үкіметтің актілеріне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің, өзге де нормативтік  құқықтық актілердің, облыс, қала әкімдерінің өкімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі        №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңын  орындау негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен мемлекеттік қызметтер Реестрі бекітіліп, 709 мемлекеттік қызмет түрі енгізілді.
Реестрге сәйкес, Балқаш қаласы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 8 мемлекеттік мекемеде (Білім бөлімі  - 19, Дене шынықтыру және спорт бөлімі – 1, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды дамыту бөлімі – 18, Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі – 14, Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі – 7, Ветеринария бөлімі – 4, Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі – 4, азаматтық хал актілерін тіркеу      бөлімі - 9) 76 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
2016 жылы  уәкілетті органдармен барлығы 24 777 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті арқылы -  6 305 (25,5%), мемлекеттік мекеме арқылы – 16 454 (66,3%), «Электрондық үкімет» порталы арқылы – 2 018 (8,2 %) көрсетілген.
2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 10 мерзімінің бұзылу фактісі тіркелді. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылды.
«Мемлекеттік қызметтерге шағымдану» критериі бойынша қызмет алушылардан шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімінің бұзылуын алдын алу және реттеудің пәрменді шаралары 2013 ж. 11 сәуірдегі №43 «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу бойынша жұмыс тобын құру» өкіміне сәйкес жүргізілетін ішкі тексеріс болып табылады. Әкім аппараты басшысының  2016 жылғы 18 сәуірдегі № 05 «Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік мекемелерге ішкі бақылау жүргізу жоспарын бекіту туралы» бұйрығын орындау мақсатында 8 мемлекеттік мекемеге 2 бақылау іс-шарасы (қыркүйек, қазан) жүзеге асырылды. Ішкі тексеріс барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда: мерзімінің бұзылу фактісі – 3, көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтің стандартымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды сұрату фактілері – 8, мемлекеттік қызметтің стандартымен ұсынуы айқындалған құжаттар топтамасы толық болмағанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну фактілері – 3, мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасының басқа да талаптарының орындалмауы – 8. Ішкі тексеріс нәтижесінде заң бұзушылыққа жол берген қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласын бақылауды күшейту мақсатымен 2017 жылғы жұмыс тобына тексерілетін субъектілермен азаматтық-құқықтық және еңбек қатынастарында тұрмайтын сарапшылар, сараптама ұйымдары және мамандар тартылды («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Балқаш қаласындағы бөлімі, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы Балқаш қаласы филиалы, «Нұр Отан» партиясы Балқаш қалалық филиалы). Аталмыш жұмыс, құжаттарды жүргізу тәртібін үйлестіріп (журналдарды, дерекқорларды, ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімінің сақталуын және т.б.), сондай – ақ, есептемеде көрсетілетін сандар бойынша мәліметтерді салыстыруды жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында, 2016 жылы 5 маман біліктілігін арттыру курсын өтті.

         Барлық қызмет көрсетуші мекемелермен қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттарды ұсыну бойынша жұмыстар ұйымдастырылды: қызмет көрсетуші мекемелердің қабинеттерінде және фойелерінде орналасқан стендттерінде үнемі: қызмет алу тәртібі, мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері, сонымен қоса, қызмет алу тәртібі туралы толық ақпарат қала әкімдігі мен мемлекеттік қызметтер көрсетілетін мемлекеттік органдардын сайттарында орналасады, медиа – жоспарларға сәйкес БАҚ беттерінде, «Балқаш өңірі» және «Северное Прибалхашье» қалалық газеттерінде  32 ақпарат жарияланды


Дата редактирования: 21 Қараша 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх